31.03.2016, 19:36 7753

Б.Сағынтаев отандық әуежайларды дамыту мәселелері жөнінде кеӊес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев отандық әуежайларды дамыту мәселелері жөнінде кеӊес өткізді. Бұл туралы Премьер-министрдіӊ баспасөз қызметі хабарлады

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев отандық әуежайларды дамыту мәселелері жөнінде кеӊес өткізді. Бұл туралы Премьер-министрдіӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі таӊда республикада 20 әуежай жұмыс жасайды. Олардыӊ 12-сі мемлекеттік әуежайлар (8-і "Airport Management Group" ЖШС сенімді басқаруында), 6-уы - жеке меншікте, концессияда - 2.2015 жылы әуежайлар шамамен 12 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Қазақстаннан 87 бағыт бойынша халықаралық тасымалдар орындалады. Оларды 2 қазақстандық ("Эйр Астана" мен "СКАТ") және шетел әуе тасымалдаушылары жүзеге асырады. Ішкі әуе рейстерін 42 бағыт бойынша 6 қазақстандық әуе компаниясы орындайды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстанныӊ 13 әуежайында жалпы 97 млрд теӊге сомаға қайта жөндеу жүргізілді. Бұдан өзге, 2015 жылдыӊ қаӊтарында "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана қаласындағы әуежайдыӊ жолаушылар терминалыныӊ құрылысы басталды. Жобада қазіргі терминалды кеӊейту және өткізу қабілетін жылына 7 млн жолаушыға жеткізу қарастырылған.

Кеӊес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға және әуежай басшыларына авиациялық қауіпсіздік мәселелеріне баса назар аударуды, атап айтқанда, жолаушылар терминалдарында заманауи тексермелеу жабдықтарын орнатуды тапсырды. Арнайы техникамен (өртке қарсы машиналар, қар күрейтін және мұздануға қарсы техника, басқыштар) жабдықтауға да айрықша көӊіл бөлінуі керек.

Бұдан өзге, әуежайлар қызметініӊ экономикалық тиімділігін арттыру, менеджмент деӊгейін арттыру, дамытуға қаражат тартудыӊ жаӊа көздерін іздеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны