17.04.2017, 18:28 5150

Б. Сағынтаевтыӊ АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Кремний алқабында ҚР өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойылды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ АҚШ-қа Сан-Франциско қаласына жұмыс сапары аясында Кремний алқабында Қазақстан Өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойылды.

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ АҚШ-қа Сан-Франциско қаласына жұмыс сапары аясында Кремний алқабында Қазақстан Өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойылды.

"Зерде" Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі" АҚ, "Инновациялық технологиялар паркі" Дербес кластерлік қоры ("ИТП" ДКҚ) және GVA Capital Венчурлік қоры арасында сәйкес Меморандумға қол қойылды.

Инновациялық Өкілдік Кремний Алқабында ҚР-ныӊ технологиялық стартаптарын дамыту үшін платформаны, ҚР-да корпорацияларды, бизнесті және ғылымды дамыту үшін Алқаптыӊ үздік технологиялық идеялары мен стартаптарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Өкілдікті ашудыӊ негізгі мақсаты - жаһандық технологиялық даму трендетрі туралы ақпарат алмасу және ҚР экономикасына инновациялар мен инвестициялар тарту үшін Қазақстан мен Кремний алқабы арасында "көпір" салу. Бұл біздіӊ елімізге ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауында белгіленген өндірістік компаниялар мен кәсіпорындарды технологиялық жаӊғыртуды тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев 11-14 сәуір аралығында жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды, мұнда әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарындағы компаниялардыӊ өкілдерімен кездесулер өткізіп, Қазақстан экономикасыныӊ үшінші жаӊғыртылуы аясында бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны