01.09.2015, 19:57 4333

Б.Сапарбаев қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовке және "Союз ТМА - 18 М" ғарыш

Бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев Қызылорда облысына екі күндік жұмыс сапары аясында Байқоӊыр қаласында және осы өӊірдіӊ бірқатар елді мекендерінде болды

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев Қызылорда облысына екі күндік жұмыс сапары аясында Байқоӊыр қаласында және осы өӊірдіӊ бірқатар елді мекендерінде болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Байқоӊырда Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша ол "Союз ТМА - 18 М" ғарыш кемесініӊ экипаж мүшелерімен кездесті, оныӊ құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов те бар. Сұхбат барысында Б.Сапарбаев ғарышкерлерге сәтті сапар тілеп, алға қойған міндеттерді орындауға тілектестік білдірді. Кездесу соӊында вице-премьер экипажға ЭКСПО-2017, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақ хандығыныӊ 550-жылдығы эмблемаларын табыстады, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Б.Сапарбаев сондай-ақ қаланыӊ әлеуметтік саласыныӊ бірқатар нысандарын аралады. Атап айтқанда, ол перзентхана жұмысымен танысты және орта мектепте болып, онда жалпы білім беретін мектептердіӊ директорларымен кездесті.

Илеуметтік саланы дамытумен танысу Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінде жалғасын тапты, онда Б.Сапарбаев балабақшаны аралап, 600 орындық орта мектептіӊ құрылысын қарап шықты.

Жұмыс сапарыныӊ алғашқы күні 2014 жылы жөндеуден өткен "Қорқыт ата" мемориалдық кешенімен танысумен, сондай-ақ Қармақшы ауданы Жосалы ауылында тарихи-өлкетану музейі мен кітапхананыӊ ашылуымен аяқталды.

Музей кешенініӊ ашылуында сөйлеген сөзінде ол мәдениет нысандарыныӊ халықтыӊ білім деӊгейін арттыруға және патриотизмді тәрбиелеудегі маӊыздылығын атап өтті. Вице-премьер қазақстандықтардыӊ барлық буындары үшін қызықты болатын зияткерлік орталыққа айналатынына сенім білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны