30.06.2022, 18:17 28846
Бағалар барынша көтерілді - БҚДА Kcell және Tele2 операторларына қатысты тергеу жүргізуде
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
"Кселл" АҚ-ға қатысты: Азаматтардың ұялы байланыс операторларының бағасының өсуіне жиі жүгінулеріне байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2020-2021 жылдары ұялы байланыс және мобильді интернет қызметтерінің тарифтерін талдады. Құрамына "Кселл" АҚ және "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС кіретін "Қазақтелеком"АҚ тобының (35%-дан астам) үстем жағдайы анықталды.
"Кселл" АҚ талдау кезеңінде ұялы байланыс (орта есеппен 756 теңге) және мобильді интернет (орта есеппен 1765 теңге) қызметтеріне ең жоғары баға белгіледі.
Мысалы, бірқатар операторларда ұялы байланыс қызметтеріне ең төменгі баға орта есеппен 332 теңгені, мобильді интернет қызметтеріне - орта есеппен 1022 теңгені құрады.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің анықталуына байланысты, ұялы байланыс және интернет қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеу белгілері бойынша "Кселл" АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру басталды.
"Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ға қатысты: 2020-2021 жылдары SMS-тарату қызметтері нарығындағы баға мониторингінің қорытындысы бойынша Агенттік басқа байланыс операторларымен салыстырғанда "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ның бағаларды өсіргенін анықтады. Байланыс операторлары 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда SMS-тарату тарифтерін орта есеппен 14,03%-ға арттырған. Бұл ретте, ең жоғары орташа баға "Қазақтелеком" АҚ тобына кіретін "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-да және "КаР-Тел" ЖШС-мен салыстырғанда "Кселл" АҚ операторларында тіркелді. Бағаның ең жоғары өсу қарқыны "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС мен "Кселл" АҚ-да тіркелді.
SMS-тарату қызметіне монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері бойынша "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС қатысты тергеп-тексеру басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
25.04.2024, 12:37 5231
Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты ХХХІІІ сессиясының отырысында сөйлеген сөзінде су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Қазақта "Алпыс күн тасыған дария, алты күнде қайтады" деген сөз бар. Көп ұзамай қарғын су кетіп, жұрт күнделікті өмірге оралады. "Әр қиындықтың қайыры бар" дейді халқымыз.
Біріншіден, тасқын кезінде ел бірлігі нығая түсті. Арқадағы ағайынға, Жайықтағы жұртқа бүкіл Қазақстан халқы көмектесуге ұмтылды. Апат аймағында тұратын адамдар барша отандасымыздың шынайы жанашырлығын сезінді.
Екіншіден, елдің жағдайын жақсарту үшін ешкім қиындықтың келуін күтіп отырмайтыны анық. Дегенмен, мұндай апаттар біраз шаруаны шұғыл қолға алуға себепкер болады.
Тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар тың жерге қоныстанып, жаңадан бой көтереді. Жол салынады, су тартылады. Ауылдарымыз мүлде жаңа келбетке ие болады. Жалпы, әлемдегі үлкен дағдарыстардың қарқынды дамуға жол ашатыны белгілі", деді президент.
Қазіргі алапат тасқын да, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұртымыз осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам басады. Бәрі де жақсы болады.
Бәріміз - бір елдің азаматымыз. Тарих тоғыстырған тағдырымыз - бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз - бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз - Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақсатымыз - айқын, бұл - Әділетті Қазақстанды құру.
Мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғауды Президент ретіндегі ең басты міндетім деп санаймын. Осы қастерлі міндет Әділетті Қазақстанды құру және белсенді әрі сындарлы сыртқы саясат жүргізу арқылы ғана орындалады. Биік мақсатқа жету үшін түрлі кедергіден өтеміз, барлық қиындықты жеңеміз. Ауқымды міндеттерді орындаймыз. Біз еліміздің басты құндылықтары мен бағыт-бағдарынан айнымаймыз. Мемлекеттілігімізді нығайтып, тәуелсіздік туын әрдайым биік ұстаймыз. Мен бұған нық сенемін және сол үшін бәрін жасаймын. Бұл - менің президенттік әрі перзенттік парызым.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", деп түйіндеді өз сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2024, 18:17 32536
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтты.
Мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттері толық әрі уақтылы орындалуда. Зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына әлеуметтік төлемдер бекітілген мерзімнен бұрын берілуде. Мұндай режим биылғы 1 қыркүйекке дейін сақталатын болады. Одан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарды қайта куәландыру мен бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті алып жүргендер үшін қайта тағайындау мерзімдері 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзартылды", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Вице-премьер тасқыннан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу туралы да айтты. Су тасқыны салдарынан үйлері немесе саяжайлары (жалғыз тұрғын үйі) қалпына келтіру мүмкін болмай қалған азаматтар үшін мәселені шешудің екі жолы ұсынылған:
- жаңа үй салу;
- Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен шекті сома аясында азаматтардың таңдауына сай екінші нарықтан дайын баспана сатып алу.
Тасқын судан зардап шеккендердің барлығына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Бүгінде ол 11 мыңнан аса отбасыға төленген. Үкімет азаматтарға бүлінген үй заттарын алу үшін қосымша 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде көмек көрсету туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Айта кетейік, бұл қосымша көмек бүлінген үй заттарын (тоңазытқыш, ас үй плитасы, үстел, орындық, кереует, кір жуғыш машина, теледидар немесе радио, сумен жабдықтау және жылыту құралдары) сатып алуды қаржыландыру немесе шұғыл қажеттілігі бар тауарларды ұсыну түрінде көрсетіледі.
Одан бөлек, өтелмеген несиесі бар азаматтарға банктер мен микроқаржы ұйымдары 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейінгі аралықта берешекті өтеу мерзімін ұзартуды қарастыруда. Аталған кезеңде зардап шеккендерге айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді. Мұндай шара жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдеріне де ұсынылады. Аймақ әкімдіктері 5 мыңнан аса азаматтың және 110-нан аса бизнес субъектілерінің тізімін жасаған.
Сонымен қатар эвакуациялық орталықтарда болған 4 мыңнан аса бала сауықтыру лагерлеріне, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына, Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім инновация лицейлерінің интернаттарына орналастырылды. Онда тұруға, тамақтануға және оқуға қажетті жағдай жасалған. Олар мұнда үйлері қалпына келтіріліп, мектептерінде оқу процессі қайта жалғасқанға дейін болады.
Бүгінде 500-ден аса бала әлі де эвакуациялық орталықтарда қалып отыр. Олар да білім беру үрдісімен қамтылған. Олардың ата-аналары тасқын судың кетіп, үйлеріне оралғанын немесе баспаналарын қалпына келтіру үшін бағалау жүргізілуін күтіп жүргенін түсінемін. Бұл санаттағы балалардың ата-аналарына бізде балаларды орналастыруға қарастырылған тағы 4 мыңнан аса орын бар екенін айтқым келеді. Егер келісімін берсе, оларды сол жерлерге орналастыруға дайынбыз. Оқу маусымы аяқталған соң ата-аналардың келісімімен балаларға өзі тұрып жатқан аймақта, не басқа өңірлерде орналасқан жазғы демалыс лагерлеріне баруына мүмкіндік беріледі. Бұл мәселемен Оқу-ағарту, жоғары білім, туризм және спорт министрлері тікелей айналысуда", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Вице-премьер сондай-ақ зардап шеккен 6 аймақтағы түлектер үшін ұлттық бірыңғай тест бөлек кестемен өткізілетінін жеткізді. Талапкерлер төмен балл алған жағдайда биылғы жағдайға байланысты қаңтар мен наурыз айларындағы ҰБТ-дағы үздік нәтиже ескерілетін болады. Одан бөлек, қазір қосымша нысаналы гранттар бөлу жағы қарастырылып жатыр.
Вице-премьер барлық медициналық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын да атап өтті. Қазірде қажетті дәрі-дәрмек қоры әзірленген. Эпидемиологиялық бригадалар құрылып, жапа шеккен аймақтардағы ауыз су сапасы мен ерекше қорғалатын аумақтар тұрақты бақылауға алынған. Бүгінде эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағалануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2024, 18:12 32541
Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді
Достарға айту
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Олжас Бектенов облыс орталығындағы тұрғын үй алаптары бекіністерін тексеру барысында Атырау қаласының су тасқынының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстарымен танысты. Батыс өңірде Ресей Федерациясының Ириклин су қоймасынан судың келуіне байланысты, сондай-ақ Жайық өзеніне құйылар сағадағы ірі тасқын мен су деңгейінің көтерілуі салдарынан жағдай күрделі күйінде қалып отыр.
Бұрын хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысындағы ірі су тасқынынан кейін ағын су өзен арнасымен Атырау облысына қарай жылжып, Каспий теңізіне құяды. Соңғы тәулікте БҚО тарапынан келетін судың әсерінен Атырау қаласында су деңгейінің 6 см-ге көтерілуі тіркелді (су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 227 см-ді құрады).
Тұрғын үй алаптарын нығайту, сондай-ақ Жайықтың өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстарының қарқыны тексерілді. Тиісті күштердің көлемді судың келуіне дайындық деңгейін қарап көрді.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Атырау облысына су тасқыны жағдайы тұрақтанған өңірлерден әскери қызметшілер мен техниканы жедел жеткізіп, күштерді арттыруды тапсырды.
Бүгінгі таңда су тасқынының алдын алу шараларының 92%-ы орындалды. Жұмысты тиімді жүргізу үшін қала 111 секторға бөлінген. Ұзындығы 482 км қорғаныс бөгеттері салынды, аяқталған учаскелер техникалық қадағалау арқылы тексерілді. Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұланның 6 мыңға жуық әскери қызметшісі, әкімдік қызметкерлері, 2 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Еріктілер тарапынан белсенді көмек көрсетілуде. Өткен сенбіде жағалауды нығайту сенбілігі аясында қаланы қорғау жұмыстарына 9 мыңға жуық ерікті қатысты.
Сонымен қатар Жайық өзенінен Каспий теңізіне су өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Су жолдарын тазарту, тереңдету және кеңейту мақсатында арнайы техникалық флоттық кемелер, гидравликалық экскаваторлар қолданылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2024, 18:04 32806
Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі.
ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.
Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады.
Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосқанын айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2024, 16:57 34301
Көктемгі дала жұмыстарына қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады
Достарға айту
Көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы егіншілік уақытында жүргізу бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мiндеттi орындау үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң ұзақ уақыт бойы шектелген қарыз қаражатына қол жеткiзуi тиiс.
Егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелендіруге 2024 жылы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы 140 миллиард теңге, "Азық-түлік корпорациясы" АҚ арқылы 40 миллиард теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінді, деп хабарлайды ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.
Осы қаражатты ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландырудағы тапшылық шамамен 1,3 триллион теңгені құрайды.
Дегенмен, Қазақстан Республикасының Үкіметі егіс науқанын қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға қаражат бөлу арқылы қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады.
Осы мақсаттарға Үкімет резервінен 60 млрд теңге бөлініп, ол қарыз несиелерінің құнын төмендетуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің несиелеріне кепілдік беруге бағытталады.
Бұл тәсіл ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына егіс жұмыстарын жүргізу үшін жылдық бірден 5% несие қаражатын беруге және жеткілікті кепілдік болмаған жағдайда несие сомасының 85% дейін кепілдік беруге мүмкіндік береді.
Ереже жобасы бүгін жергілікті атқарушы органдар мен Орталық мемлекеттік басқару органдарына келісу үшін жіберіледі.
Сондай-ақ бүгінде азық-түлік корпорациясын қосымша қаржыландыру үшін "Азық-түлік корпорациясы" 200 мың тонна астықты тауарлық несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2024, 10:36 44771
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызмтінен.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", деп көрсетілген Өкім мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2024, 10:30 45036
Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА
Достарға айту
ҚМА есірткі құралдары мен прекурсорлардың таралуы тұрғысынан Telegram мессенджерінің арналары, әлеуметтік желілер мен хабарландыру сервистері қамтылған жаһандық желіге мониторинг жүргізуде, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Мессенджерлердегі 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын 4 ірі Darknet маркетплейс көзге түсті.
Ел аумағында Telegram арналары арқылы есірткі және психотроптық заттарды тұрақты негізде жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды.
Интернет-кеңістіктің Қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң,
есірткі заттарынының әлеуетті тұтынушылары болып табылатын 10 мыңға жуық адамның жеке басы анықталды.
Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың 50% - дан астамы Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі.
Агенттік өткен жылы айналымы 25,6 млрд теңгені құрайтын 36 есірткі дүкенін анықтады.
Биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі арнасына тиесілі 59 карт-шот анықталды.
Қаржылық барлау бөлімшесінің алдын ала талдау қорытындысы бойынша аталған дүкендердегі ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгені құрады.
Айналымы 82 млн теңгені құрайтын есірткі дүкендерінің бірі бойынша материалдар ІІМ-ге жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2024, 17:22 60376
Тасқынға қарсы төселген құмқаптар жиналады
Достарға айту
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде тасқынға қарсы төселген құмқаптарды экологияға әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ерте ме, кеш пе тасқын аяқталады. Сол кезде қалың құмқапты не істейсіздер? Бұл жаңа экологиялық апатқа әкелмей ме? Осы күйі қалдырып кетпейсіздер ме? Ертең оны кім жинастырады№" - деп сұрады БАҚ өкілі.
Бауыржан Сыздықов журналист айтқан құмқаптар қазіргі күйінде қалмайтынына сендірді.
Дұрыс түсінуіңіз керек. Бәрі ол күйінде қалмайды. Әрине, экологияға жауап беретін органдар бар, әкімдіктер де ондай бөлімшелер бар. Оның бәрімен айналысады. Бүгінгі таңда бөгеттерді, уақытша дөңдерді жасаған болсақ, әшейін қалады деп ойламаймыз. Оны да керек-жараққа, халықты, үйлерді, елді қорғауға жаратамыз. Оны өңдеу жұмыстары болады", - деді Бауыржан Сыздықов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
25.04.2024, 12:37Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі 25.04.2024, 11:02 2236Алматы облысында табиғи өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды25.04.2024, 13:11 2201Қазақстан трансауған темір жол құрылысына қатысуға дайын25.04.2024, 13:18 1566Қазақстан Ауғанстанға астық пен ұн экспортын арттыру үшін Бейнеу терминалының қуатын пайдалануды жоспарлап отыр25.04.2024, 12:56 1256Атырау облысының өзендеріндегі су деңгейі артып келеді
18.04.2024, 12:51 107616"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес18.04.2024, 16:22 103586Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді18.04.2024, 22:15 102876Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады19.04.2024, 11:11 98341Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді19.04.2024, 18:42 94656Көлік прокуратурасы 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғады
04.04.2024, 16:35 121411Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 121146Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107616"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 106001Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103586Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді