17.06.2019, 20:03 10075

Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындау туралы туралы жарлыққа қол қойды. Ол осы тағайындауға дейін Елордасының әкімі болған.

Нұр-Сұлтан. 17 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындау туралы туралы жарлыққа қол қойды.

Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін Бақыт Сұлтановтың кандидатурасын келісті.

Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырып, Бақыт Сұлтановтың мол тәжірибесі мен қажетті басқару қабілеттеріне ие екенін атап өтті.

Талқылаулардан кейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшінұсынылған Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтың кандидатурасы келісіліп, Комитеттің қорытындысы қабылданды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны