28.09.2016, 17:00 4840

Бағдарламалар мен стратегиялар әзірлеу және іске асыру барысында Сингапур тәжірибесі мұқият зерделенеді - Қазақстан Президенті

Елбасы Сингапурдыӊ инновация, технология және қаржы салаларындағы тәжірибесі аса бағалы екенін атап өтті.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Сингапурдыӊ Құрметті аға министрі, Парламент мүшесі Го Чок Тонгпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде экономиканыӊ түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтыӊ мәселелері жан-жақты талқыланды.

Елбасы Сингапурдыӊ инновация, технология және қаржы салаларындағы тәжірибесі аса бағалы екенін атап өтті.

"Тәуелсіздіктіӊ 25 жылында біз Сингапурмен тығыз қарым-қатынас жүргізіп келеміз және сіздердіӊ елдеріӊізді әрдайым өзіндік бағдар ретінде бағалаймыз. Сингапур қала-мемлекет екеніне қарамастан, әлемніӊ көптеген елдері үшін дамудыӊ тиімді үлгісі бола білді. Біздіӊ мемлекет құрудағы жолдарымыз көп жағдайда ұқсас. Осыған байланысты түрлі бағдарламалар мен стратегиялар әзірлеу және іске асыру барысында сіздіӊ елдіӊ тәжірибесін мұқият зерделеп отырамыз", - деді Қазақстан Президенті.

Го Чок Тонг Қазақстанға шақырғаны және көрсеткен қонақжайлылығы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

"Мен сіздіӊ елде алғаш рет болып отырмын және оныӊ даму қарқынына тәнтімін. Елдеріміздіӊ арасында тығыз серіктестік байланыс орнағанына қуаныштымын. Қазір Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастықтыӊ барлық басты бағыттары айқындалған", - деді Го Чок Тонг.

Соӊында Елбасы мен Го Чок Тонг елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастыӊ одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны