26.07.2019, 15:45 17363

Бахыт Жаханов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Б. Жаханов 1974 жылы туған. Ы.Жахаев атындағы Қызылорда политехникалық институтын "экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген.

Қызылорда. 26 шілде. Kazakhstan Today - Бахыт Жаханов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Жаханов Бахыт Дүйсенұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Б. Жаханов 1974 жылы туған. Ы.Жахаев атындағы Қызылорда политехникалық институтын "экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары Қызылорда облысының экономика, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ білім басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.

2008-2011 жылдары - Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларын басқарған.

2011-2015 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазалы ауданының әкімі.

2015 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны