01.08.2017, 19:40 4471

"Байқоӊыр" ғарыш айлағына "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесініӊ 36 елініӊ комиссары келді

Ресми мәлімет бойынша, ғарыш айлағына 1000-нан астам адам келген. Бұдан бөлек, Қармақшы ауданында этноауыл ашылды, оған да келушілердіӊ қатары көп,- деді Қызылорда облысы әкімініӊ орынбасары, ҚР Президентініӊ "Байқоӊыр" ғарыш айлағындағы арнайы өкілі Серік Қожаниязов.

Қызылорда. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Байқоӊыр ғарыш айлағында "Союз - ТМА" зымыран тасығышы ұшырылды. Иуе кемесініӊ бортында "РОСКОСМОС", "ИЕКА" (Еуропа), "НАСА" (АҚШ) ғарышкерлері болды. "Союз" зымыраныныӊ ұшырылуына "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесініӊ әр елдегі комиссары қатысты.

- Бүгін "Байқоӊыр" ғарыш айлағына 36 комиссар келді. Бұл сапар "Астана Экспо - 2017" ұлттық компаниясыныӊ мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр және қатысушылар үшін осындай мүмкіндік берілген оларға қуанышты жағдай деп ойлаймын. Көптеген мемлекеттер Қазақстанды Байқоӊыр арқылы таниды, бірақ осы жерде болу мүмкіндігі бар екендігінен бейхабар. Комиссарлар ғарышкерлер мұражайына, Юрий Гагаринніӊ ұшу алдындағы болған үйіне барды. Барлығы зымыран ұшырылымын асыға күтуде. Зымыран ұшырылымыныӊ көрме кезінде жоспарланғаны біз үшін қолайлы мүмкіндік болды. Енді біз Қазақстанды ғарыштық ракурста көре алатын боламыз,- деді "ЭКСПО-2017" комиссары Рапиль Жошыбаев.

- "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ басталуына байланысты "Байқоӊыр" ғарыш айлағы әлем туристерініӊ қызығушылығын тудыруда. Өздеріӊіз білесіздер, екі жыл бұрын қазақстандық 7 туристік компания "Роскосмоста" аттестациядан өтті және олар Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда және өзге де қалаларда дербес жұмыс жасауда. Ресми мәлімет бойынша, ғарыш айлағына 1000-нан астам адам келген. Бұдан бөлек, Қармақшы ауданында этноауыл ашылды, оған да келушілердіӊ қатары көп,- деді Қызылорда облысы әкімініӊ орынбасары, ҚР Президентініӊ "Байқоӊыр" ғарыш айлағындағы арнайы өкілі Серік Қожаниязов.

Айта кетейік, жұлдызды қалашықты аралау өтінішін қарау мерзімі 45 күннен 10 күнге қысқартылды. Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы Ғалымжан Мұстафаевтыӊ айтуы бойынша, Байқоӊыр қаласын аралаудыӊ туристік пакетіне ғарыш айлағы мұражайы мен Юрий Гагарин тұрған үйді, сондай-ақ егер турист сапарымен сәйкес келсе, зымыран ұшырылымына куә болу кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны