02.04.2014, 20:35 3359

Байқоңыр ғарыш айлағынан "KazSat-3" жерсерігін ұшыру 28 сәуірге жоспарлануда

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан Қазғарышқа бағынышты "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ тапсырысымен жасалған "KazSat-3" үшінші ұлттық геостационарлық байланыс пен хабар тарату жерсерігін ұшыру 2014 жылдың 28 сәуіріне жоспарлануда.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан Қазғарышқа бағынышты "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ тапсырысымен жасалған "KazSat-3" үшінші ұлттық геостационарлық байланыс пен хабар тарату жерсерігін ұшыру 2014 жылдың 28 сәуіріне жоспарлануда.

Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) хабарлағандай, "KazSat-3" жерсерігін жасау бойынша жоба қазақстандық жерсеріктік байланыс пен хабар тарату жүйесін қалыптастыруда кезекті кезең.

24 наурызда қазақстандық жерсерік "KazSat-3" "Байқоңыр" ғарыш айлағына жеткізілді. Қазіргі таңда 92А-50 монтаждық-сынақ кешенінде ғарыш аппаратын алдағы ұшыру жұмыстарына дайындау жүріп жатыр.

Қазғарыштың мәліметіне сәйкес Астана уақыты бойынша 10:25 "Байқоңыр" ғарыш айлағының № 81 алаңынан "Бриз-М" үдеткіш блогы мен "Луч-5В" және "КазСат-3" екі ҒА бар "Протон-М" ғарыштық мақсаттағы ракетаның ұшырылуы жоспарланған.

Атап өтерлік жайт, "KazSat-3" жерсерігін жасау бойынша жоба қазақстандық жерсеріктік байланыс пен хабар тарату жүйесін қалыптастыруда кезекті кезең. "KazSat-3" жерсерігі отандық телевизиялық хабар таратуды және интернет пен мәлімет таратудың тиянақталған байланысын қанағаттардыруға арналған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны