20.11.2017, 18:12 4061

"Байқоӊыр" ғарыш айлағындағы бірлескен ғарыштық бағдарламалардыӊ жүзеге асырылуы талқыланды

Ресейлік "Восточный" ғарыш айлағында жүзеге асырылуы жоспарланған жобалардыӊ басым бөлігі "Байқоӊырға" ауыстырылуда. Осыған орай, "Бәйтерек" бірлескен жобасын жүзеге асыруды жеделдетіп, жаӊа зымыранды ұшыру мерзімін 2025 жылдан 2022 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Қызылорда. 20 қараша. Kazakhstan Today - Ресейлік "Восточный" ғарыш айлағында жүзеге асырылуы жоспарланған жобалардыӊ басым бөлігі "Байқоӊырға" ауыстырылуда. Осыған орай, "Бәйтерек" бірлескен жобасын жүзеге асыруды жеделдетіп, жаӊа зымыранды ұшыру мерзімін 2025 жылдан 2022 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Ағымдағы жылдыӊ 12-ші қарашасында "Дубаи эйр шоу 2017" әуе-ғарыштық салонында өткен "Қазақстан - Ресей - Біріккен Араб Имірліктері" үш жақты кездесуінде "Байқоӊыр" ғарыш айлағындағы бірлескен ғарыш бағдарламаларыныӊ жүзеге асырылуы талқыланды.

"Байқоӊыр" ғарыш айлағын пайдалануды әртараптандыру және жаӊа жұмыс орындарын ашу үшін ірі тораптық ұшу аппараттарын құрастыру, газтурбиналық қозғалтқыштарды жинақтау, тікұшақтарды жөндеу, тігін өндірісін және өзге де өндірістерді ұйымдастыру мәселелерін пысықтау жұмыстары басталды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өткен аптада Байқоӊыр қаласындағы № 7 мөлтек аудан мен № 277 мектеп-лицейдіӊ табиғи газға қосылу рәсіміне Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ-ныӊ бас директоры Манас Тасыбаев, әкімдік өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қала тұрғындарын көптен күткен көгілдір отынға қосылуымен құттықтады.

"Екі жақты үкіметаралық комиссия жүргізген жұмыстардыӊ нәтижесінде Байқоӊыр қаласыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маӊызды мәселелер шешілуде. Байқоӊыр қаласыныӊ ұзақ мерзімді дамуына арналған біріккен жобаныӊ бағдарламасы әзірленді. Қазақстан тарапынан Байқоӊыр қаласыныӊ инженерлік инфрақұрылымыныӊ жаӊғыруы және тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардыӊ құрылысын қаржыландыру механизмі келісілді. Үстіміздегі жылы 5 көпқабатты тұрғын үйдіӊ құрылысы басталып, келесі жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " және "Қазақстандныӊ ипотекалық компаниясы" арқылы коммерциялық тұрғын үйлердіӊ құрылысын жүргізу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Сонымен қатар, қала тұрғындарын Байқоӊыр әкімшілігініӊ басшысы Константин Бусыгин, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ бас директоры Манас Тасыбаев құттықтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны