16.11.2017, 16:52 5612

"Байқоӊыр Инвест" IХ өӊірлік инвестициялық форумы аясында демеушілік жасау жөнінде 7 меморандумға қол қойылды

2017 жылдыӊ 15 қарашасында "Байқоӊыр-Инвест" инвестициялық форумы аясында №1 Секция "Туған жерге тағзым" тақырыбымен өтті.

Қызылорда. 16 қараша. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 15 қарашасында "Байқоӊыр-Инвест" инвестициялық форумы аясында №1 Секция "Туған жерге тағзым" тақырыбымен өтті.

Секция модераторы Қызылорда облысы әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов кіріспе сөзінде "Туған жерге, оныӊ мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іӊкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмніӊ маӊызды көріністерініӊ бірі" екендігіне тоқталып, бағдарламаныӊ мақсатын таныстырды.

Секция жұмысын облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев ашып, құттықтау сөз сөйледі.

Жиында облыс әкімі Қ.Көшербаев: "Елбасы өзініӊ сөзінде "Біздіӊ әрқайсымыз туған өлкемізді мақтан етеміз, алыс жүрсек сағынамыз, қамқорлық жасаймыз, "Туған жерге деген іӊкәрлік - туған елге деген сүйіспеншілікке ұласады, туған жерге қамқорлық - туған жерге жанашырлықпен астасады" жалпыұлттық патриотизмніӊ өзегі іспетті "Туған жер" бағдарламасы осындай ниеттер мен ізгі шараларды жүйелеп, ортақ игілікке айналдыруды көздейді деп ерекше атап өтті. Рухани жаӊғырудыӊ еӊ негізгісі сол санамаздыӊ жаӊғыруы",- деп ерекше атап көрсетті.

Секцияға Сыр бойыныӊ елге танымал бірқатар тұлғалары "Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек сіӊірген өнер қайраткері", "Құрмет", "Парасат" ордендерініӊ иегері, композитор Дүйсекеев Кеӊес, "Айқын" газетініӊ бас редакторы, Қазақстан Республикасы Президентініӊ жанындағы Мемлекеттік сананы модернизациялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияныӊ мүшесі Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы, "Нұр-мүбарак" университетініӊ проректоры Шамшәдин Тұрсынұлы Керім, белгілі айтыскер-ақын Сұлтанхан Мейрбек арнайы қатысып, өз тілектерін білдірді.

Сонымен бірге, Қызылордадағы Сырдария өзенініӊ сол жағалауындағы кампус салу туралы "Болашақ" университетініӊ ғылыми жетекшісі Досманбетов Бакберген Сәрсенұлы, Арал өӊіріндегі сода күлін салу жұмыстары жөнінде "Аралтұз" АҚ Директорлар кеӊесініӊ төрағасы Мұкашев Дәурен Рахметұлы таныстырды.

Нәтижесінде демеушілік жасау жөнінде 7 меморандумға қол қойылды:

- Қызылорда облысыныӊ әкімдігі мен мұнай компанияларыныӊ арасындағы меморандум: - Қызылорда қаласында спорт алаӊы құрылысын жүргізу. Облыс әкімдігі мен "Торғай Петролеум" Акционерлік қоғамы атынан бас директор Алтынбеков Сағит Айдарханұлы;

- "Дағдарыс жағдайына тап болған балалар мен аналарға арналған әлеуметтік қонақ үй" жобасын және ғылыми-зерттеу мен тәжірибелі контрукторлық жұмыстарға "Криптографикалық тәсіл арқылы ақпаратты қорғау" Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы өӊірлік инновациялар офисі жобасын қаржыландыру. Облыс әкімдігі мен "Құмкөл Транс Сервис" ЖШС атынан атқарушы директор Асылханов Жандос Бауыржанұлы;

- Қармақшы ауданында спорт алаӊы құрылысын жүргізу. Облыс әкімдігі мен "Галаз және Компания" ЖШС атынан бас директор Байкенов Даулет Қадірұлы;

- "Өӊірлік инновациялық офисті жүзеге асыру бойынша бірлескен қызметке демеушілік көмек". Облыс әкімдігі мен "CNPC"Айдан Мұнай" АҚ атынан президенті Лю Шаою;

- "Өӊірлік инновациялық офисті жүзеге асыру бойынша бірлескен қызметке демеушілік көмек". Облыс әкімдігі мен "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ атынан басқарма төрағасы Цинь Хунвей; - Қызылорда қаласы Сырдария өзенініӊ сол жағалауында студенттік қалашықтыӊ құрылысын жүргізу. Облыс әкімдігі мен "Болашақ" университеті атынан ғылыми жетекші Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы.

- Сырдария ауданында спорт алаӊы құрылысын жүргізу. Облыс әкімдігі мен "ҚОР" Мұнай компаниясы" АҚ атынан бас директор Марат Сайлаубекұлы Нұрпейсов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны