17.09.2018, 23:51 3822

Байқоӊыр қаласын дамытуға қатысты мәселелер талқыланды

Қазіргі таӊда инвестициялар тарту мақсатында Байқоӊыр қаласында арнайы экономикалық аймақ құру мәселелері пысықталып жатыр.

Қызылорда. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәскеуде ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Маминніӊ "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясыныӊ бас директоры Дмитрий Рогозинмен жұмыс кездесуі өтті деп хабарлайды Primeminister.kz.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтыӊ өзекті мәселелері мен "Байқоӊыр" кешенін одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмастырылып, "Бәйтерек" бірлескен Қазақстан-Ресей жобасыныӊ іске асырылу барысы талқыланды.

"Байқоӊыр" кешені жөніндегі үкіметаралық комиссияныӊ алдағы жұмыс тәртібі, сондай-ақ, Байқоӊыр қаласын дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Қазіргі таӊда инвестициялар тарту мақсатында Байқоӊыр қаласында арнайы экономикалық аймақ құру мәселелері пысықталып жатыр.

Сонымен қатар, кездесу барысында ғарыштық байланыс спутниктерін бірлесіп құру саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Қазіргі таӊда жеке адам ғана емес, тұтас халықтыӊ өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттыӊ аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еӊбек ресурстары болуы мүмкін.

Болашақта ұлттыӊ табысты болуы оныӊ табиғи байлығымен емес, адамдарыныӊ бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны