24.07.2017, 19:42 4480

Байқоӊыр қаласыныӊ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту жайы Мәскеуде талқыланды

Мәскеу қаласына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы ресейлік кәсіпкерлер тобымен, М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры В.Садовничиймен және "МИСиС" Ұлттық университетініӊ ректоры А. Черниковамен кездесулер өткізді.

Қызылорда. 24 шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 19-20 шілдесінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин жетекшілік жасаған делегация құрамында Мәскеу қаласында РФ Үкіметі Төрағасыныӊ орынбасары Дмитрий Рогозин бастаған ресейлік әріптестерімен жұмыс барысындағы келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында ғарыш саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, Байқоӊыр қаласыныӊ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, қалада түрлі бағыттағы бірлескен жаӊа кәсіпорындар ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Делегация мүшелері 2017 жылғы 17-23 шілде аралығында Мәскеу қаласында өтіп жатқан "МАКС-2017" ХІІІ халықаралық әуе ғарыш салонындағы экспозицияларды көрді. Қазақстандық делегация "Роскосмос", "Біріккен әуе құрылыс корпорациясы" павильондарына барып, ұсынылған экспонаттармен танысты.

Бұдан бөлек, Мәскеу қаласына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы ресейлік кәсіпкерлер тобымен, М.В.Ломоносов атындағы ММУ ректоры В.Садовничиймен және "МИСиС" Ұлттық университетініӊ ректоры А. Черниковамен кездесулер өткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны