18.04.2017, 21:29 4647

Байқоӊыр қаласыныӊ сот үкімін орындаушылары 6,5 млн. теӊге көлеміндегі әкімшілік айыппұлдар бойынша бір жылдан астам уақыт бойы шара қолданбаған

Тек прокуратураныӊ араласуынан кейін ғана 428 борышкерге қатысты атқару өндірісі қозғалып, наурыз айыныӊ басынан бастап 6,5 млн теӊгеніӊ әкімшілік айыппұлдарын мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша ретті жұмыс қолға алынған.

Қызылорда. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Байқоӊыр қаласыныӊ сот үкімін орындаушылары 6,5 млн. теӊге көлеміндегі әкімшілік айыппұлдар бойынша бір жылдан астам уақыт бойы шара қолданбаған,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Икімшілік айыппұл құқық бұзған тұлғаны заӊнама талабын орындауға және құқық пен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ, жаӊа құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында қолданылатыны белгілі.

Осыған байланысты тұрғындар үшін оларды тиісті түрде төлеу, тиісінше, жазаныӊ бұлтартпастық принципін сақтау аса маӊызды әрі өзекті болып табылады.

Байқоӊыр қаласыныӊ прокуратурасы жүргізген тексеру қорытындысы көрсеткендей, жеке сот үкімін орындаушылар ҚР ІІМ Байқоӊыр қалалық өкілдігі салған әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп орындату бойынша 400-ден астам материалға қатысты ешбір шара қолданбай келген.

Ал ішкі істер органдары бұл материалдарды бақылаусыз қалдырған.

Бұл ретте Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстіӊ 887-ші бабыныӊ 1-тармағына сәйкес, әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарған органға оныӊ орындалуын бақылау міндеттеледі.

Тек прокуратураныӊ араласуынан кейін ғана 428 борышкерге қатысты атқару өндірісі қозғалып, наурыз айыныӊ басынан бастап 6,5 млн теӊгеніӊ әкімшілік айыппұлдарын мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша ретті жұмыс қолға алынған.

Бүгінгі жағдаймен 622 915 теӊге өндіріп алынды.

Оныӊ орындалу барысы қалалық прокуратураныӊ күнделікті бақылауына алынды.

Заӊ бұзушылыққа жол берген мемлекеттік органдардыӊ бірқатар жауапты тұлғаларына жауапкершілік жүктелді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны