30.06.2017, 16:48 10315

Байқоӊыр маӊында ойын-сауық туристік аймағы құрылуда

"Біз АҚШ-тағы ғарыштық туризмді зерттеп шықтық, яғни аталған елдегі ғарыш айлағына 3 миллионға жуық турист барады. Сондықтан Роскосмоспен бірлесе "Байқоӊыр" туристік аймағын құру тұжырымдамасы әзірленді. Жалпы, тұжырымдама үкіметаралық комиссияда мақұлданды. Осы орайда тиісті ұсынысты 2023 жылға дейінгі тұжырымдаманыӊ жобасына енгіздік",-деді Көшербаев.

Қызылорда. 30 маусым. Kazakhstan Today - Жуырда селекторлық режімдегі Үкімет отырысында Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев "Байқоӊырда" туристік аймақты дамыту жайында баяндады.

"Біз АҚШ-тағы ғарыштық туризмді зерттеп шықтық, яғни аталған елдегі ғарыш айлағына 3 миллионға жуық турист барады. Сондықтан Роскосмоспен бірлесе "Байқоӊыр" туристік аймағын құру тұжырымдамасы әзірленді. Жалпы, тұжырымдама үкіметаралық комиссияда мақұлданды. Осы орайда тиісті ұсынысты 2023 жылға дейінгі тұжырымдаманыӊ жобасына енгіздік",-деді Көшербаев.

Сондай-ақ ол бұл бағыт кластер емес, ойын-сауық туристік аймағы екенін нақтылады. "Біз онда "Қорқыт Ата" кешенін, "Қамбаш" көлін және мәдени мұраныӊ басқа да нысандарын енгізіп отырмыз. Бүгінде 10-ға жуық компания осы туристік тұжырымдамамен жұмыс істеп жатыр",-деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны