14.06.2017, 13:46 3799

Байқоӊыр зымыран ісі саласындағы мамандарды даярлайтын нағыз технополиске айналады - Д.Рогозин

2017 жылдыӊ 13 маусымында Байқоӊыр қаласында ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Маминніӊ, РФ Үкіметі Төрағасыныӊ орынбасары Дмитрий Рогозинніӊ төрағалығымен және Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ қатысуымен "Байқоӊыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясыныӊ 5-ші отырысы өтті.

Қызылорда. 14 маусым. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 13 маусымында Байқоӊыр қаласында ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Маминніӊ, РФ Үкіметі Төрағасыныӊ орынбасары Дмитрий Рогозинніӊ төрағалығымен және Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ қатысуымен "Байқоӊыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясыныӊ 5-ші отырысы өтті.

Үкіметаралық комиссияныӊ отырысында тараптардыӊ "Байқоӊыр" кешенініӊ қызметіндегі өзекті мәселелерді шешуіне мүмкіндік беретін, "Байқоӊыр" кешеніндегі әрі қарайғы ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды. Тараптар "Байқоӊыр" ғарыш айлағыныӊ инфрақұрылымын дамытуға және қолдауға бағытталған біріккен іс шараларды қабылдауға, "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құруға уағдаласты.

-Біздіӊ алдымызда тұрған ортақ міндет-ғарыш саласындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты тереӊдету және жалғастыру. Уақыт өте келе Байқоӊыр зымыран ісі саласындағы мамандарды даярлайтын нағыз технополиске айналады,-деп атап өтті Д.Рогозин.

-"Байқоӊыр" кешенініӊ тиімді қызметін ұйымдастыру жөніндегі бірлескен жұмыстар екі елдіӊ ғарыш саласын дамытуға, "Байқоӊыр" ғарыш айлағындағы ғарыштық қызметтіӊ әлемдік нарықтағы заманауи әрі бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалуға бағытталған,-деді А.Мамин.

Сондай-ақ, жиында Байқоӊыр қаласын бірлесіп дамытудыӊ 2017-2025 жылдарға арналған Бағдарламасыныӊ жобасы пысықталды. Оныӊ іске асуы жалға беру жағдайында қаланыӊ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту арқылы жаӊа әлеуметтік, мәдени, тұрғын үй және өндірістік нысандарды құруға, инвестиция және бизнес тартуға, қолжетімді баспана құрылысын салуға, шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді. Комиссия отырысында Байқоӊыр қаласын дамытудыӊ қазақстанстандық тараптан қаржыландырылу тәртібі бекітілді. Осылайша, қаланыӊ дамуына қос тарап та қатысатын болды. Бұл инфрақұрылым нысандарын, атап айтқанда, әбден тозығы жетіп ескірген жылу және су жүйелерін жаӊғыртуға мүмкіндік береді. Қабылданған шешімдер қаланы табиғи газға қосу бойынша қолға алынған жұмыстардыӊ аяқталуына да оӊ ықпал етпек. Жыл аяғына дейін тұрғын үйлердіӊ алғашқы легін көгілдір отынға қосу, газ тарифін төмендету жоспарланған.

Сонымен қатар жиында "Байқоӊыр" ғарыш айлағыныӊ қызметкерлеріне, Байқоӊыр қаласыныӊ, Төретам және Ақай кенттерініӊ тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудіӊ, оныӊ ішінде Байқоӊыр қаласында тұратын Қазақстан азаматтарына Қазақстан Республикасыныӊ ұлттық заӊнамасына сәйкес, ҚР денсаулық сақтау субъектілерініӊ медициналық қызмет көрсету тәртібі, сондай-ақ олардыӊ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен дәрігерлік көмек алуы туралы екіжақты құжатты ағымдағы жылдыӊ 3-тоқсанында қабылдауды жеделдету жөнінде шешім қабылданды.

"Байқоӊыр" кешенініӊ мәселелерін талқылау Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен өткен кеӊесте жалғасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны