24.07.2014, 21:41 3623

Байқоңырдан "Прогресс М-24М" ТЖК зымыраны ұшырылды

Бүгін Мәскеу уақытымен 01:44 (03:44 Астана уақыты бойынша) Байқоңыр №1 ғарыш айлағынан "Союз-У" ғарыштық зымыраны "Прогресс М-24М" транспорттық жүк кемесімен ұшырылды, - деп Роскосмостың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Мәскеу уақытымен 01:44 (03:44 Астана уақыты бойынша) Байқоңыр №1 ғарыш айлағынан "Союз-У" ғарыштық зымыраны "Прогресс М-24М" транспорттық жүк кемесімен ұшырылды, - деп Роскосмостың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәскеу уақыты бойынша 01:53-те "Прогресс М-24М" ғарыш-тасушысының 3 -сатысынан бөлінді.

"Прогресс М-24М" ТЖК ХҒС-мен түйіседі деп жоспарланған. "Прогресс М-24М" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 2,3 тонна жүк жеткізуге тиіс. Оның ішінде оттегі, жанармай, азық-түлік, ғылыми тәжірибелерге арналған қондырғылар мен экипаж мүшелеріне сәлемдеме бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны