06.06.2018, 18:16 5085

Байқоӊырдан "Союз-МС-09" транспорттық-пилотты кораблімен зымыран тасығыш ұшырылды

Байқоӊыр ғарыш айлағынан бүгін, Астана уақыты бойынша сағат 17.13-те "Союз-МС-09" транспорттық-пилотты кораблін алған "Союз-ФГ" зымыран тасығышыныӊ ұшырылымы іске асырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - Байқоӊыр ғарыш айлағынан бүгін, Астана уақыты бойынша сағат 17.13-те "Союз-МС-09" транспорттық-пилотты кораблін алған "Союз-ФГ" зымыран тасығышыныӊ ұшырылымы іске асырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Союз-МС-09" транспорттық-пилотты кораблімен "Союз-ФГ" зымыран тасығышыныӊ ұшырылымы қалыпты жағдайда жүзеге асты, оныӊ бірінші сатысыныӊ бөлшектері тағайындалған құлау аймағыныӊ шегінде құлады, деп хабарлайды "Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігініӊ қызметкерлері Байқоӊыр қаласында Байқоӊыр ғарыш айлағыныӊ позициялық ауданында ұшырылымды экологиялық сүйемелдеу жұмыстарын атқарды және "Союз-ФГ" зымыран тасығышына жанармай құю және оныӊ ұшырылымынан кейінгі арнаулы жұмыстар кезінде атмосфералық ауаныӊ және топырақтыӊ сынамасын алуды жүзеге асырды.

"Ғарыш-экология" Ғылыми-зерттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны өкілдігініӊ қызметкерлері Жезқазғандағы құлау аймағында ресейлік тараппен бірлесе отырып зымыран тасығыштыӊ бірінші сатысыныӊ бөлшектері құлаған жерлерді экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарына кірісіп, қоршаған орта нысандарынан сынама алды.

"8 минут 48 секундтан кейін "Союз-МС-09" транспорттық-пилотты кораблі белгіленген жер маӊы орбитасында зымыран тасығыштыӊ үшінші сатысынан қалыпты жағдайда бөлінді және ресейлік Ұшуларды басқару орталығы мамандарыныӊ басқаруымен Халықаралық ғарыш станциясына қарай автономды ұшуды одан әрі жалғастырды. Халықаралық ғарыш станциясына жақындау және транспорттық-пилотты корабльдіӊ "Рассвет" (МИМ1) шағын зерттеу модулімен түйісуін екі тәуліктік схема бойынша автоматты режимде жүргізу жоспарланып отыр. Корабль мен станция 2018 жылдыӊ 8 маусымында мәскеу уақыты бойынша сағат 16:07 -де түйіседі деп жоспарланған",- деп хабарлайды "Роскосмос".

"Союз-МС-09" транспорттық-пилотты кораблімен ХҒС-56/57 ұзақ мерзімді экспедициясыныӊ мүшелері - Роскосмос ғарышкері Сергей Прокопьев, NASA астронавты Серина Ауньён-Чэнселлор мен ESA астронавты Александр Герст ғарышқа жол тартты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны