11.07.2013, 13:43 4899

Баймағамбетовтің жазасын ұлғайтуды сұрады

Баймағамбетовтің ісін Астананың қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы қарап жатыр.

Астана. 11-шілде. Kazakhstan Today - Прокуратура бүгін кедендік бақылау комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағамбетовке кесілген жазаны күшейтуді сұрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Баймағамбетовтің ісін Астананың қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы қарап жатыр.

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық соты Серік Баймағамбетовті 2013 жылдың 8 қаңтарында "аса ірі көлемде пара алды" деп айыптап, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен еді. Сот оны "қызметтік өкілетін теріс мақсатта пайдаланды" деген айып бойынша ақтаған.

Прокурор Еркеғали Зәкіров Астана сотының Баймағамбетовті "қызметтік өкілетін теріс пайдалану" айыбы бойынша да кінәлі деп тауып, 3 жыл бас бостандығынан айыруды, ал "аса ірі көлемде пара алу" айыбы бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ол екі айып бойынша жаза мерзімін біріктіріп 12 жылға соттап, мүлкін тәркілеуді сұраған.

Прокурордың айтуынша, Баймағамбетов "аса ауыр қылмыс жасағандықтан" соттың оны жартылай ақтаған бұрынғы шешімі негізсіз.

Серік Баймағамбетов кедендік бақылау комитетін 2011 жылдың мамырынан 2012 жылдың ақпанына дейін басқарған. Оған дейін ол ішкі істер министрі де болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны