07.06.2017, 16:24 4297

"Бәйтерек" ҒЗК жобасы "Байқоӊыр" кешенін сақтап қалуға мүмкіндік береді

Бұл Қазақстанныӊ ұлттық мүдделері үшін стратегиялық маӊызы бар жоба, өйткені "Байқоӊыр" ғарыш айлағыныӊ келешегін сақтап қалуға және коммерциялық ұшырулар Қазақстанныӊ әлемдік нарыққа кіруіне мүмкіндік береді.

Қызылорда. 7 маусым. Kazakhstan Today - "Бәйтерек" ҒЗК жобасы "Байқоӊыр" кешенін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасыныӊ Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлады.

Министрдіӊ айтуынша, 2050 жылға дейінгі "Байқоӊыр" кешеніндегі ынтымақтастықтыӊ келешегін пысықтау туралы Қазақстан мен Ресей Президенттерініӊ уағдаластықтарына сәйкес, "Байқоӊыр" кешені бойынша одан әрі ынтымақтастық Тұжырымдамасы әзірленді және қол қойылды, деп жазады Қазғарыш баспасөз қызметі.

Ол Байқоӊыр кешенініӊ және қаласыныӊ инфрақұрылымыныӊ дамуын, ғарыш жобаларыныӊ іске асырылу негізінде қолда бар кешен объектілерін және бірінші кезекте, "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешені бірлескен жобасын құруды қарастырады.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, "Бәйтерек" жобасы қазіргі қолданыстағы "Зенит" ғарыш зымыран кешенімен және орта деӊгейдегі перспективті ресейлік тасымалдағыш зымыранды іске асыру негізінде жоспарлануда, бұл ретте "Зенит" ҒЗК объектілерін Ресей Федерациясынан жалдан шығару және оларды Қазақстан тарапына беру 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап жүргізілетін болады.

Бұл Қазақстанныӊ ұлттық мүдделері үшін стратегиялық маӊызы бар жоба, өйткені "Байқоӊыр" ғарыш айлағыныӊ келешегін сақтап қалуға және коммерциялық ұшырулар Қазақстанныӊ әлемдік нарыққа кіруіне мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны