23.07.2013, 12:09 3343

"Бәйтерек" холдингінің басқарма мүшелері сайланды

Күн тәрібінде бірқатар мәселелер қаралды, атап айтқанда, холдингтің басқарма мүшелерін сайлау, корпоративтік хатшыны тағайындау, штаттық құрамды және холдингтің 2013 жылға бюджетін бекіту. Сондай-ақ, отырыста холдингтің ішкі қызметін реттейтін құжаттар тізбесі бекітілді.

Астана. 23-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен "Бәйтерек" Ұлттық басқару холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Күн тәрібінде бірқатар мәселелер қаралды, атап айтқанда, холдингтің басқарма мүшелерін сайлау, корпоративтік хатшыны тағайындау, штаттық құрамды және холдингтің 2013 жылға бюджетін бекіту. Сондай-ақ, отырыста холдингтің ішкі қызметін реттейтін құжаттар тізбесі бекітілді.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев, Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов және Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев холдингтің директорлар құрамына енді.

Сондай-ақ, холдингтің директорлар құрамына ҚР Президенті Икімшілігі басшысының орынбасары Бақыт Сұлтанов, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев және "Бәйтерек ҰБХ" АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бішімбаев кірді.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ҚР Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы жарлығына сәйкес құрылды. Холдингті құрудағы мақсат- экономиканы дамыту мен әртараптандыруға ықпалдасу, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту мен корпоративтік басқару жүйелерін оның еншілес ұйымдарында жетілдіру болып табылады.

Холдингті сенімді басқару жүйесінде "Қазақстанның даму банкі" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, "Қазына капитал менеджмент" АҚ, "Қазақстанның иппотекалық компаниясы" АҚ және басқалар сияқты мемлекеттік қаржылық институттар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны