03.12.2013, 20:04 3397

"Бәйтерек" жобасы "Зенит" зымыран тасығышының базасында іске асырылады - М.Молдабеков

Оның айтуынша, біріншіден, Қазақстан "Байқоңыр" ғарыш айлағын игерудегі барлық міндеттемелерді өз орнына қоймақ. ""Зенитті" жаңалай отырып, біз "Протонның" зиянын азайтып, экологиялық қауіптің алдын алатын боламыз", - деп түйіндеді М.Молдабеков.

Алматы. 03 желтоқсан. Kazakhstan today. "Бәйтерек" жобасының алдағы уақыттардағы жүзеге асырылуы жанармайдың токсиндік компонеттерін құрамайтын қолданыстағы "Зенит" зымыран тасығышының базасы арқылы орындалатын болады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков ОКҚ брифингінде.

"Біздің "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Зенит" ғарыштық-зымыран кешені бар. Ол - Кеңес үкімті шығарған ең соңғы кешен. Экологиялық таза зымыран қазіргі заман талаптарына да жауап береді. Оның 1985 жылдан бері ұшырылып келе жатқаны белгілі. Қазғарыштың ұсынысымен екі ел басшылары келісімімен "Байқоңырда" іске асырмақ болып шешкен "Ангара" зымыран тасығышы базасындағы "Бәйтерек" жобасын "Зенит" зымыран тасығышына алмастыратын болдық", - деді М.Молдабеков.

"Зенит" зымыран тасығышы негізінде "Бәйтерек" жобасын іске асыруға Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттері 2012 жылдың желтоқсан айында келіскен болатын.

"Ангара" зымыран тасығышы әлі ұшырылмайды. Және де қай уақытта ұшырылатыны да белгісіз. Бұл біз үшін өте тиімді. "Ангара" базасында ғарыштық-ракеталық кешен нысандарын салуға өте мол қаржы керек болады. Ал қазіргі бастама бойынша бұл шығындарды айналып өтпекпіз, өйткені кешен қазірдің өзінде дайын", - деді төраға орынбасары.

Аударымның кезеңдік механизмі нормативті база құруға байланысты біріккен жұмыстарды жасауға негізделген. Сонымен қатар, қазақстандық мамандарды қайта даярлау жұмыстарына қажеттілік бар.

"Біздің қазіргі жоспарымыз бойынша, 2014 жылдың соңына дейін "Зенит" ғарыштық зымыран кешені нысандарын жалдан шығаруымыз керек. Сосын ресейлік әріптестердің қолдауымен аталмыш кешенді өзіміздің игілігімізге жарата бастауымыз керек. Ал 2018 жылдан бастап аталмыш зымыранның жүк көтеру шамасын арттыру бойынша жетілдіру жұмыстарын қолға аламыз", - деді Молдабеков.

Оның айтуынша, біріншіден, Қазақстан "Байқоңыр" ғарыш айлағын игерудегі барлық міндеттемелерді өз орнына қоймақ.

""Зенитті" жаңалай отырып, біз "Протонның" зиянын азайтып, экологиялық қауіптің алдын алатын боламыз", - деп түйіндеді М.Молдабеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны