21.05.2012, 10:16 2893

БАҚ саласындағы ҚР Президентінің сыйлықтарын беру мен гранттарын тапсыру жөніндегі Қоғамдық комиссияның жұмысшы органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі 2012 жылғы сыйлықтар мен гранттарды алуға ұсыныстарды қабылдауды бастады

Сыйлықтар мен гранттарды алуға ұсыныстарды бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашыл одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар Қоғамдық комиссияның атына 2012 жылғы 20 маусымнан кешіктірмей жолдайды.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - БАҚ саласындағы ҚР Президентінің сыйлықтарын беру мен гранттарын тапсыру жөніндегі Қоғамдық комиссияның жұмысшы органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі 2012 жылғы сыйлықтар мен гранттарды алуға ұсыныстарды қабылдауды бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сыйлықтар мен гранттарды алуға ұсыныстарды бұқаралық ақпарат құралдары, шығармашыл одақтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар Қоғамдық комиссияның атына 2012 жылғы 20 маусымнан кешіктірмей жолдайды.

01.06.2011 жыл мен 01.06.2012 жыл аралығындағы кезеңде жарияланған және (немесе) эфирге шыққан материалдар қарауға қабылданады.

Ұсынбада үміткердің шығармашылық жұмыстарының тақырыбын көрсету және оның қысқаша сипаттамасын беру қажет. Ұсынбаға конкурстық жарияланымдар немесе аудио және (немесе) бейнематериалдар (DVD) міндетті түрде тіркелуі тиіс.

Кітаптар БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарға ұсынуға материалдар ретінде қаралмайтынын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қаперіне саламыз. Мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар жинақтары ғана ұсынуға жатады.

Сыйлықтарды немесе гранттарды алуға үміткерлер екі реттен көп ұсынылмайтынын еске саламыз. Сыйлық лауреатына немесе грант алуға қайтадан ұсынуға одан бұрынғы сыйлықтар берілгеннен немесе гранттар тапсырылғаннан кейін бес жыл өткеннен кейін ғана жол беріледі.

Сыйлықтар мен гранттарды алуға ұсынылған, алайда сыйлықтар лауреаттары немесе гранттар иегерлері болмаған кейбір журналистер және (немесе) шығармашыл ұжымдар Қоғамдық комиссияның ұсынысымен Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысхаттарын иеленуі мүмкін.

Ұсыныстар Қоғамдық комиссияның төрағасы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.А.Құл-Мұхаммедтің атына: 010000 Астана, Сол жағалау, "Ақорда" Резиденциясы мекенжайына жолданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны