16.04.2010, 17:58 3153

Бакиевтің Қырғызстаннан шығуы азаматтық қақтығыстардың алдын алды - Назарбаев

Елбасы: "Вашингтонда АҚШ және РФ президенттерімен кездесу барысында өзара ақылдаса келе, Қазақстан Қырғызстанға ең жақын орналасқан ел болғандықтан, бұл іспен шұғылдануды олар менен сұрады",- деді. "Менің пайымдауымша, біз Қырғызстанда оңтүстік пен солтүстіктің арасындағы қақтығысқа ұласуы мүмкін азаматтық бүліктің алдын алдық", - деді Қазақстан президенті.

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің елден кетуі азаматтық қақтығыстардың алдын алды. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Елбасы: "Вашингтонда АҚШ және РФ президенттерімен кездесу барысында өзара ақылдаса келе, Қазақстан Қырғызстанға ең жақын орналасқан ел болғандықтан, бұл іспен шұғылдануды олар менен сұрады",- деді.

"Мен Вашингтон қаласынан Бакиевпен және уақытша үкіметпен келіссөздер жүргізе бастадым", - деді Н. Назарбаев.

Осындай келіссөздердің нәтижесінде, президенттің айтуынша, "Бакиевтің Қырғызстаннан шығуы туралы" уағдаластық жасалды. Мемлекет басшысы осы орайда "Бакиевті елден шығуға көндіру өте күрделі" болғанын атап өтті.

"Менің бұйрығым бойынша Қорғаныс министрлігі мен ҚР Искери -әуе күштері Бакиевті елден алып шығу үшін "04-ші бортты" жіберген. Оның ішіне біз ұшақты қорғау үшін арнаулы топты отырғыздық. Кеше сағат 18.30-да ұшақ Алматыдан ұшып шығып, сағат 19.15-те Жалал-Абадқа қонды. Сағат 20.15-те Бакиев отбасымен бірге осы ұшақпен Қазақстанға келді", - деді мемлекет басшысы.

"Менің пайымдауымша, біз Қырғызстанда оңтүстік пен солтүстіктің арасындағы қақтығысқа ұласуы мүмкін азаматтық бүліктің алдын алдық", - деді Қазақстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны