04.08.2017, 19:24 4038

Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысыныӊ кәсіпкерлерімен аймақтағы бизнес қауымын толғандыратын мәселелерді талқылады

Бақытжан Сағынтаев аймақтағы бизнес саласын дамытуда облыс экономикасыныӊ перспективалы салаларыныӊ бірі ретінде туризмге ерекше көӊіл бөлу қажеттігін атап өтті. Бұл орайда туристік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру қажет.

Көкшетау. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев аймақтағы Кәсіпкерлер палатасыныӊ Өӊірлік кеӊесініӊ мүшелерімен кездесіп, шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында қатысушылар туристік саланы дамытуға бөлінген қосымша қаражаттыӊ бөлінуін, сауда нарықтарын жаӊғыртуды, "БЖК-2020" бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бюджетті арттыруды, ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері кооперативтерін қаржыландыруды, елді мекендердіӊ бас жоспарын түзетуді, сонымен қатар Қазақстанда шағын индустриялық аймақтарды дамыту мәселелерін талқылады.

Кеӊесте Өӊірлік кеӊес төрағасы, "Есіл" ЖШС бас директоры Қазбек Ескендіров,"Еӊбек" ЖШС басшысы Қуаныш Рақышев, "Торговый дом" ЖШС бас директоры Алексей Смагин, "Новый Кокшетау" ЖШС басшысы Рустам Джангунаков, "Гормолзавод" ЖШСдиректоры Исен Жақсылықов, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетініӊ президенті Мәди Елубаев, сонымен қатар "Тренд+" ЖШС құрылтайшысы Ержан Қуанған және "Зерен-Нұр" демалыс орталығыныӊ директоры, Ақмола облысыныӊ туристік бизнес қауымдастығыныӊ төрағасы Қайрат Сұлтановсөз сөйледі.

Көтерілген тақырыптарға орай ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Қайрат Балықбаев түсінік берді.

Сөйлеген сөзініӊ барысында Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті дамыту Үкімет жұмысыныӊ басты басымдықтарыныӊ бір болып табылатынын атап өтті. Бұл бағытта бизнес үшін қолайлы жағдайлар тудыру бойынша шаралар жүзеге асырылып жатыр, оныӊ ішінде бизнес шығындарын азайту, тексерулерді қысқарту, несиелік қолдауды қайта реттеу мен кеӊейту бар. Сонымен қатар, қазіргі кезде жаӊа екі мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда: АӨК дамыту мен өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік, бұл бағдарламаларда да бизнесті қабылдау тәсілдері қарастырылған.

Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаев аймақтағы бизнес саласын дамытуда облыс экономикасыныӊ перспективалы салаларыныӊ бірі ретінде туризмге ерекше көӊіл бөлу қажеттігін атап өтті. Бұл орайда туристік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру қажет.

Анықтама:

Ақмола облысында шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп тұрған субъектілер саны биыл 42,1 мыӊ бірлікті құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2,2% көп.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны