07.08.2017, 19:21 3973

Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысыныӊ өнеркәсіптік кәсіпорындарыныӊ технологиялық деӊгейін бағалады

Бақытжан Сағынтаев зауытты аралау барысында құбыр дайындап шығаратын цехты, өндірістік желілерді қарап шығып, өндіріс технологиясымен, жабдықтармен, сондай-ақ осында шығарылатын өнімдердіӊ көрмесімен танысты.

Көкшетау. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында "Тыныс" АҚ ірі машина жасау кәсіпорнына барып, зауыттыӊ ҚР Президентініӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауы аясында технологиялық жаӊғырту жұмыстарын жүргізуге арналған әлеуетін бағалады.

Бақытжан Сағынтаев зауытты аралау барысында құбыр дайындап шығаратын цехты, өндірістік желілерді қарап шығып, өндіріс технологиясымен, жабдықтармен, сондай-ақ осында шығарылатын өнімдердіӊ көрмесімен танысты.

"Тыныс" АҚ директоры Қайрат Қалманбаев ҚР Премьер-Министріне зауыттыӊ қызметі мен технологиялық жаӊғырту жұмыстарын жүргізу келешегі туралы ақпарат берді. Оныӊ айтуынша, кәсіпорынныӊ техникалық мүмкіндіктері және жұмысшылардыӊ әлеуеті жаӊа бағыттарды игеруге және нарықтыӊ сұраныстарына шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді. Зауыт өндірістік қуаттылығын ұлғайту мен шығаратын өнімдерініӊ түрлерін көбейтуді жалғастыруда.

Еске сала кетейік, өнеркәсіптік кәсіпорындарды технологиялық жаӊғырту ҚР Президентініӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауында елімізде экономикалық өсімніӊ жаӊа моделін қалыптастырудыӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі ретінде көрсетілген. Жаӊғырту жұмыстары өнімділікті ұлғайтуға және шығарылатын өнімдердіӊ сапасын арттыруға бағытталған.

Анықтама:

"Тыныс" АҚ авиация өнімдерін, өрт сөндіру құралдарын, газілмекті арматура, медтехникалар, полиэтиленді құбырлар, салмақ өлшеуші техникалар және т. б. шығарады. Зауыттыӊ сыртқы өткізу нарығы жолға қойылған, олардыӊ қатарында Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Украина бар.

"Тыныс" АҚ аралау аясында қонақтарға жүк автокөлігі және шынжыр табанды техникаларды күрделі жөндеу қызметтерін ұсынатын Қазақстанныӊ ірі кәсіпорны "ҚИ - 811 Автожөндеу зауыты" АҚ шығарған арнайы әскери техника көрмесі ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны