08.03.2017, 14:49 4561

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық Үкіметаралық кеӊестіӊ отырысына қатысты

Өз сөзінде Қазақстанныӊ Премьер-Министрі Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы сауданы арттыру үшін өзара іс-қимылды нығайтуға, жаӊа тиімді құралдарды қалыптастыруға ортақ күш-жігерімізді шоғырландырудыӊ маӊыздылығын баса айтты.

Бішкек. 8 наурыз. Kazakhstan Today - Бішкекте кеше ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық Үкіметаралық кеӊестіӊ кезекті отырысына қатысты.

Өз сөзінде Қазақстанныӊ Премьер-Министрі Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы сауданы арттыру үшін өзара іс-қимылды нығайтуға, жаӊа тиімді құралдарды қалыптастыруға ортақ күш-жігерімізді шоғырландырудыӊ маӊыздылығын баса айтты.

"Осы қызметтегі маӊызды бағыт - кедергілер мен шектеулерді жою болып табылады. Бұл жұмысты жүйелі әрі кезеӊ-кезеӊімен жүргізген жөн", - деді ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев.

Одақтағы өзара іс-қимылды нығайтудыӊ тағы бір элементі, ҚР Премьер-Министрініӊ пікірінше, мемлекеттеріміздіӊ өндірушілері мен бизнесі үшін еӊ қолайлы жағдай жасау мәселесі болып табылады.

"ЕАЭО кәсіпкерлері ықпалдасудан, ортақ нарықтарды құрудан елеулі, жақсы нәтиже күтеді. Сол себепті де біз "ойынныӊ ортақ ережелері" деп аталатын бірыӊғай реттеуді жүзеге асыруға өзіміз келіскен салаларда бизнеске қажетті сапалы, тиімді әрі ауыртпалық түсірмейтін реттеу тәжірибесіне қол жеткізуіміз қажет", - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев.

ЕҮАК отырысы барысында ЕАЭО-дағы интеграциялық үдерістерді одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа және өзара сауданы кеӊейтуге, АӨК дамытуға және ауылшаруашылық машина құрастыруға ерекше көӊіл бөлінді.

Отырыс қорытындысы бойынша өзара сауда мәселелеріне, интеграциялық әлеуетке ие экономика салаларына, сауда келіссөздері нәтижелеріне және басқаларына қатысты бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойылды.

ҚР Премьер-Министрі Б.И. Сағынтаевтыӊ кеӊейтілген құрамдағы Еуразиялық үкіметаралық кеӊес отырысында сөйлеген сөзініӊ толық мәтіні:

Құрметті әріптестер!

ЕАЭО екі жылдан астам уақытта тиімді интеграциялық бірлестік ретінде орнықты. Дегенмен бұл жылдар біздіӊ елдеріміз үшін оӊай болған жоқ. Сыртқы қозғаушы күштердіӊ ықпалы, жаһандық қаржылық және тауар нарықтарыныӊ тұрақсыздығы байқалды. Осыған орай, Одақтыӊ ЖІӨ көлемі 0,7%-ға төмендеді. Біздіӊ өзара сауда айналымымыз 11%-ға төмендеді.

Осындай кезеӊде өзара іс-қимылды нығайту, елдер арасындағы сауданы дамытудыӊ жаӊа тиімді құралдарын қалыптыстыру бойынша ортақ күш-жігерімізді шоғырландыруымыз маӊызды.

Осы қызметтегі маӊызды бағыт - кедергілер мен шектеулерді жою болып табылады. Бұл жұмысты жүйелі әрі кезеӊ-кезеӊімен жүргізген жөн. Аталған бағытта мемлекеттердіӊ сарапшылары мен комиссия едәуір жұмыстар атқарды. 60-тан астам кедергілер мен шектеулердіӊ тізілімі үйлестірілді. Алдағы уақытта оларды жоюға байланысты Жол карталары әзірленетін болады. Бұл біздіӊ кәсіпорындарымызға ортақ нарықтарға шығу жолын жеӊілдетіп, сонымен қатар олардыӊ дамуына қосымша жағдайлар жасайды.

Одақта өзара іс-қимылды нығайтудыӊ тағы бір элементі - мемлекеттеріміздіӊ өндірушілері мен бизнесі үшін еӊ қолайлы жағдай жасау мәселесі болып табылады. Бұл туралы Қырғызстан Президенті А.Атамбаев біздіӊ Мемлекет басшыларына үндеуінде хабарлады.

ЕАЭО кәсіпкерлері ықпалдасудан, ортақ нарықтарды құрудан елеулі, жақсы нәтиже күтеді. Сол себепті де біз "ойынныӊ ортақ ережелері" деп аталатын бірыӊғай реттеуді жүзеге асыруға өзіміз келіскен салаларда бизнеске қажетті сапалы, тиімді әрі ауыртпалық түсірмейтін реттеу тәжірибесіне қол жеткізуіміз қажет.

Осы орайда, біздіӊ елдеріміздіӊ бизнесіне кеден рәсімдерін жеӊілдету, посткедендік бақылауға екпін түсірілген электронды мағлұмдауды жеӊілдету ережелерінен тұратын Кедендік кодекстіӊ жылдамырақ қабылданғаны керек. Біз жақын арада барлық ел Кодекске қол қойып, жыл соӊына дейін ол күшіне енеді деген сенімдеміз.

Сонымен қоса, біз кеденік тазарту саласында туындайтын мәселелер кешенін бірлесіп шешу жұмыстарына ниеттіміз. Кедендік қызметтердіӊ бағалауы бойынша, Қытай тауарларыныӊ транзитпен Қырғыз Республикасыныӊ аумағына өтуі кезінде кедендік әкімшіліктендірудіӊ жеткіліксіз деӊгейі болуына қатысты мәселе орын алуы мүмкін. Бұған Қытайдан автокөлікпен 2016 жылы 9,5 есеге транзиттік тасымалдардыӊ артуы дәлел.

Біздіӊ көзқарасымызға сәйкес, ЕАЭО-ныӊ цифрлық мәселелер тізімін дамыту бойынша бастамаларды қарастыру кезінде де жүйелік тәсіл болуы керек. Біздіӊ жүйелердіӊ бір-бірімен түйіндесуге мүмкіндіктері болуы керек екені сөзсіз. Бұл әкімшілік кедергілерді жоюға, жаӊа экономиканы дамытуға босалқы дайындама құруға тетіктерді тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, цифрлық мәселелер тізімін мұқият қарастырған жөн. Осы саладағы ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарын оқшаулауға жол бермеу керек.

Жаӊа жобаларды іске қосу сыртқы нарықтарға қолжетімділіктіӊ қолайлы жағдайларын жасау жұмыстарымен тиімді қамтамасыз етілуі қажет. Осыған орай, ЕАЭО-тыӊ халықаралық күн тәртібін іске асыруға баса назар аударылады. Қазіргі таӊда бірқатар мемлекеттермен сауда-экономикалық келісімдерге қол қою туралы келіссөздер жүргізілуде. ҚХР, Үндістан, Иран, Сербия, Израиль, Моӊғолия, Сингапур секілді елдермен түрлі дайындық деӊгейінде ынтымақтастық мәселелері шешілуде.

Келіссөздер жүргізудіӊ қарқынына қарамастан, біздіӊ салалар мен кәсіпорындардыӊ сұраныстары қанағаттандырылуы керек. Бұл ЕАЭО елдерініӊ экономикаларына инвестициялар тарту мен экспорттық әлеуетті іске асырудыӊ негізі болмақ.

Біз интеграциялық бірлестігіміздіӊ табысты болуы үшін біздіӊ әр еліміздіӊ ширақ әрі қарышты дамуы керек деп есептейміз. Сол себепті біз Қырғыз Республикасыныӊ ЕАЭО жағдайларына бейімделуіне қолдау көрсету бойынша мақсатты құптаймыз. Біз желтоқсанда Қырғыз Республикасына тиісті көмекті көрсетуге қатысты Келісім мен Хаттамаға қол қойдық.

Бұдан өзге, Қазақстан арқылы транзитпен жүк тасымалдау кезінде сәйкестендірілген теміржол тарифін мерзімінен бұрын ұсыну туралы келісімге қол қойдық. Ол биылғы жылдыӊ қаӊтар айында күшіне енді. Сарапшылардыӊ бағалауы бойынша, Келісім нормаларын мерзімінен бұрын қабылдау қырғыз жүк жіберушілеріне шамамен 60 млн долларды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Биылғы жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап, Қазақстан аумағы бойынша Қырғызстаннан Ресейге өткізуге рұқсат етілген тауарлар тізімі 86 қосымша тауарлар тобына ұлғайтылды.

Бұдан өзге, биылғы жылдыӊ ақпан айынан бастап, Қазақстанныӊ барлық аумағына ветеринарлық бақылауға тиісті 46 тауарлар тобын тасуға рұқсат берілді және Қазақстанныӊ 5 облысыныӊ аумағына тасуға рұқсат берілген тауарлар тізімі 39 топқа дейін ұлғайтылды. Осылайша, Қазақстанға кіргізуге рұқсат берілген, ЕАЭО кәсіпорындарыныӊ тізіліміне сай қырғыз кәсіпорындарында шығарылған қырғыз өнімдерініӊ тізімі 85 тауарлар тобына дейін ұлғайтылды.

Біз, сондай-ақ, Қазақстанға өз өнімдерін жеткізуге дайын Қырғызстан кәсіпорындарыныӊ тізімін белгіленген тәртіпте ұлғайтуға дайынбыз.

Өзара қолдау көрсету, ымыраға келу, тиімді шешімдерді табу қағидаларына сүйенген біздіӊ өзара қарым-қатынасымыз Одақты нығайтуға, оныӊ тартымдылығын әлемдік қоғамдастықта арттыруға мықты серпін болатынына сенімдімін.

Назар аударғандарыӊызға рахмет!

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны