09.09.2016, 20:35 4883

Бақытжан Сағынтаев ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды

Елбасыныӊ Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісініӊ жалпы отырысына қатысты.Отырыс барысында Мемлекет басшысы Премьер-Министр К.Мәсімов бастаған Үкіметтіӊ отставкасын қабыл алғанын тағы да атап өтті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев К.Мәсімовке және Үкімет мүшелеріне атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, қызметтеріндегі күрделі кезеӊге қарамастан алға қойылған барлық міндеттердіӊ орындалғанын айтты.

Конституцияныӊ 44-бабына сәйкес, Елбасы Парламент Мәжілісініӊ қарауына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Бақытжан Сағынтаевтыӊ кандидатурасын ұсынды.

- Облыстардыӊ, Астана мен Алматы қалалары әкімдерініӊ қатысуымен өткен Үкіметтіӊ бүгінгі кеӊейтілген отырысында жаӊа министрлер кабинеті шешуге тиісті бірқатар жаӊа міндеттер қойдым. Илемдік экономика мен саясаттыӊ қазіргі тұрақсыздығы жағдайында стратегиялық бағдарламаларымызды іске асыруды жалғастыру маӊызды. Үкіметтен барлық бағыт бойынша нақты, сауатты жұмыс талап етіледі. Бақытжан Сағынтаев жаӊа Үкімет жұмысыныӊ сабақтастығы мен тиімділігін сақтау үшін лайықты кандидатура деп ойлаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Б.Сағынтаевтыӊ кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Б.Сағынтаев көрсетілген сенім үшін алғыс білдіріп, жүктелген міндеттерді орындауға бар күш-жігері мен білімін жұмсайтынын айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны