30.05.2017, 19:00 4041

Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған отбасыларға барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған отбасыларға барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған отбасыларға барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Жамбыл облысыныӊ әкімі Кәрім Көкірекбаев 30 мамырдағы таӊертеӊгі жағдай бойынша апатты қызметтер электрмен қамтудыӊ толық қалпына келтірілгенін, сондай-ақ қалада құлаған ағаштар мен қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. Жағдай қазіргі уақытта бақылауға алынды.

"Қаланыӊ үздіксіз тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін, әсіресе жарық беру және газбен қамту желілері бойынша барлық шараларды қолдану қажет. Бірінші кезекте, қайтыс болғандардыӊ отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілуі тиіс", - деп тапсырды Б. Сағынтаев Жамбыл облысыныӊ әкіміне.

Еске салсақ, кеше Таразда өӊірдегі соққан құйын салдарынан екі жұмысшы мен 14 жасар оқушы көз жұмды. Бұдан өзге, азаматтардыӊ қатысуымен бірқатар қайғылы жағдай орын алды.

Жамбыл облысы ТЖД хабарламасы бойынша, облыс орталығында 18 м/с соққан дауылды желдіӊ жылдамдығы екпінімен 27 м/с жетті. Құйын ағаштарды құлатып, электр желісін жұлып, қаланыӊ бір бөлігі жарықсыз қалған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны