22.08.2018, 20:15 5011

Бақытжан Сағынтаев жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарды Түркістанға көшіру мәселелері туралы кеӊес өткізді

Облыста мемлекеттік органдар мен ұйымдардыӊ үздіксіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша негізгі іс-қимылдарды қамтитын тиісті Жол картасы бекітілді.

Түркістан. 22 тамыз. Kazakhstan Today - Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарды көшіру мәселелері туралы кеӊес өткізді.

Кеӊес барысында мемлекеттік органдарды көшіру процесі талқыланды, сондай-ақ Түркістанныӊ және жалпы облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму преспективалары қаралды.

Кеӊесті ашқан Бақытжан Сағынтаев 19 маусым күні Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойғанын еске салды, осылайша, Түркістан облыс орталығы атанды. Жарлықты іске асыру үшін ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары А. Маминніӊ төрағалығымен Түркістан облысын дамыту преспективалары жөніндегі Комиссия құрылды.

Маусым айында Түркістанға барған комиссия мемлекеттік органдарды көшіру, түркі әлемініӊ мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістанныӊ дамуыныӊ Бас жоспарын әзірлеуге конкурсты ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін, облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын қарастырды.

Облыста мемлекеттік органдар мен ұйымдардыӊ үздіксіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша негізгі іс-қимылдарды қамтитын тиісті Жол картасы бекітілді.

Б. Сағынтаев сонымен қатар ҚР Президентініӊ тапсырмасына сәйкес, қаланы дамытудыӊ бас жоспарыныӊ тұжырымдамасын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы қойып отырған басты мақсат - қысқа мерзім ішінде жаӊа ғимараттар құрылысын бастау. Премьер-Министр облыста құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс екенін баса айтты.

Бұдан өзге, Түркістанныӊ дамуына бизнес өкілдерін тарту қажеттігі айтылды. Бүгінгі таӊда бизнестен әлеуметтік нысандарды, қонақүйлер мен басқа да маӊызды ғимараттарды салу бойынша ұсыныстар түсіп жатыр. Сондай-ақ облыстыӊ дамуына "Самұрық Қазына" ҰИҚ өз үлесін қосуды көздеп отыр.

Өӊірді дамыту бойынша Президент қойған міндеттерді іске асыру үшін қажетті қаражат толыққанды бөлінетін болады.

Көшіру барысы туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев баяндады. Баяндалған ақпаратқа сәйкес, барлық жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тіркеуден өткен. Оларды орналастыру үшін Түркістанда жалпы аумағы 11 680 м2 болатын 12 ғимарат бөлінген. Бірінші кезеӊде қызметкерлердіӊ 70% көшірілді. 27 аумақтық орган үшін 16 ғимарат бөлінді. Қазір 14 ведомствоныӊ өкілдері қалаға орналастырылып, өз жұмыстарын бастаған.

Облыс әкімі көшіп жатқан мемлекеттік қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне жан-жақты тоқталды. Қазір қызметкерлерге 67 жекеменшік пәтер жалдауға ұсынылған. Орта есеппен, мұндай баспана айына 50-80 000 теӊге болады. Сонымен қатар, Түркістанда уақытша орналастыру үшін жатақханаларда 305 орын, 14 қонақ үй; Кентауда - 275 орындық жатақхана мен 7 тұрғын үй әзірленген. Түркістанда 1200 пәтерлік 20 көпқабатты үйдіӊ, Кентауда 420 пәтерлік 7 үйдіӊ құрылысы жүріп жатыр. Нысандар құрылысын аяқтау және пайдалануға беру 2019 ж. жоспарланған.

Ал Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру үшін Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорация 360 пәтер болатын 6 көпқабатты үйдіӊ құрылысын бастады.

Бюджетке келер болсақ, 2018-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеттіӊ жоспарланған көлемі қайта қаралып, бекітілді. Осы жылдағы облыстық бюджет 621,6 млрд теӊгені құрады, ал Шымкенттіӊ бюджетін бөлгеннен кейін облыстық бюджет 552,5 млрд теӊгеге бағаланды. Ұлттық экономика және қаржы министрліктеріне Шымкент қаласыныӊ алдағы екі жылдыӊ шығындарын жабуға өтінім берілді. Шымкентте орналасқан облыстық нысандарды (167 өӊірлік мекеме) қалалық меншікке беру жұмыстары жүргізілуде. Қала теӊгеріміне 29,5 млрд тг активімен 55 кәсіпорын берілді.

Ж. Түймебаев облысты және Түркістанды дамыту туралы баяндай отырып, бірінші кезекті шаралар анықталғанын, Түркістан облысын 2024 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамытудыӊ бас жоспарыныӊ жобасы әзірленгенін айтты. Кешенді жоспар 188 шарадан тұрады. Бес жыл ішіндегі қажетті қаражат көлемі - 1,3 трлн тг.

"Туристерді тартатын басты орталық - Х. А. Яссауи кесенесі Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі. Біз министрлікпен бірлесіп Түркия тәжірибесі бойынша кесене маӊынан туристік орын құру мақсатында кәсіпорын құруды жоспарлар отырмыз", - деп әкім, Түркістанныӊ жоғары туристік әлеуетін атап өтті. Тек өткен жылдыӊ өзінде қалаға миллионнан астам турист келді.

Аумақтық атқарушы органдарды көшіру, өӊірдегі қазіргі жағдай және өӊірді дамытудыӊ қолда бар перспективалары туралы бейінді министрліктердіӊ өкілдері баяндады.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Министрліктіӊ аумақтық бөлімшелері әділет органдарында мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеуден өткенін айтты. 25 шілдеде ҚР Қаржы министрлігі құрылымдарыныӊ өкілдері Түркістанға көшірілді. Қазіргі таӊда Түркістанда облыстық департаменттердіӊ өкілдері жұмыс істейді: 8 - мемлекеттік кірістер комитеті, 4 - ішкі мемлекеттік аудит комитеті, 5 - қазынашылық комитеті, 2 - мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. Олар уақытша Түркістан МКБ ғимаратында орналасқан.

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Е. Нысанбаев, инвестициялар және даму вице-министрі Қ. Өскенбаев, энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев, мәдениет және спорт вице-министрі Е. Қожағапанов, еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Жақыпова, ішкі істер вице-министрі Б. Бисенқұлов, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары А. Айдарбаев орын ауыстыру барысы туралы пікір білдірді.

Өз кезегінде Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары А. Мамин бүгінде сәулетшілер қаланы инфрақұрылымдық және инновациялық дамытудыӊ 22 жобасын әзірлегеннін атап өтті. Қыркүйек айыныӊ соӊына дейін Бас жоспардыӊ тұжырымдамасын бекіту туралы шешім қабылданады. Бекітуден кейін, Бас жоспарды дайындауға байқау жарияланады, ол екі кезеӊнен тұрады: 2035 жылға дейін және 2050 жылға дейін.

Кеӊес барысында өӊірді дамытудыӊ бас жоспарыныӊ тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде "Қазқалақұрылыс" жобалық институтыныӊ бас сәулетшісі Т. Ерәлиев айтып берді. Айлық мерзімде сарапшылар тобы барлық байқау жұмыстарын жинап, қарауға қабылдады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ Баспасөз Қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны