30.04.2017, 23:11 11253

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

ҚР Премьер-Министрі ауыл шаруашылығы және индустриалдық кәсіпорындарға, инфрақұрылымдық нысандарға, білім және медицина мекемелеріне барады.

Талдықорған. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауында және "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттердіӊ жүзеге асырылу барысымен танысу, сонымен қатар ҚР Үкіметініӊ еліміздіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарып жатқан жұмыстарын түсіндіру үшін Алматы облысына жұмыс сапарымен барды,- деп хабарлайды Үкіметтіӊ баспасөз қызметі.

ҚР Премьер-Министрі ауыл шаруашылығы және индустриалдық кәсіпорындарға, инфрақұрылымдық нысандарға, білім және медицина мекемелеріне барады.

ҚР Премьер-Министрініӊ жұмыс кестесіндегі басты шаралардыӊ бірі аймақтағы қоғам өкілдерімен және бизнес-қауымдастықпен кездесуі болады.

Бірінші кезекте Бақытжан Сағынтаев Талдықорған қаласындағы әуежайдыӊ авиациялық қауіпсіздігі қызметініӊ жұмысын тексеріп, ұшу-қону жолағына, аэровокзал ғимаратына жүргізілген реконструкциялау мен әуежайдыӊ жаӊа авиарейстерді дамыту бойынша перспективалары туралы баяндаманы тыӊдады. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министріне аймақтыӊ туристік әлеуетін арттыру мақсатында Үшарал қаласында салынып жатқан аэровокзал құрылысы туралы баяндалды.

Қазіргі кезде Талдықорған әуежайында жылына 26 мыӊ жолаушыға қызмет көрсетіліп, 600 авиарейс ұшырылады. Иуе айлағыныӊ қазіргі аэродромдық мүмкіндіктері Boeing-757, Ил-76, ТУ-134, Челленджер-850, АН-24, ЯК-40 типіндегі ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді.

Талдықорғанныӊ әуе айлағы Жетісудыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен маӊызға ие. Мемлекет астанасына қатынап жатқан рейстермен қатар, мұнда ел өӊірлеріне бағытталған әуе қатынастары да даму үстінде. Жақын арада Өскемен мен Ресей Федерациясыныӊ қалаларына әуе рейстері ашылады. Өӊірішілік маӊыздағы дамыған бағыттарды есепке ала отырып, жаппай демалыс орындарына - Алакөл көліне - бұл Қазақстанныӊ өзге облыстары мен көрші елдерден туристердіӊ көптеп келуіне мүмкіндік береді.

Еске салайық, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ Қазақстан аймақтарына сапары жалғасуда. Бұған дейін ол Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарын аралады.

Бақытжан Сағынтаев "Нам Г.Н." шаруашылығына барып, АӨК бағдарламасыныӊ Алматы облысында жүзеге асырылуымен танысты

Алматы облысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуымен және инновациялық технологияларды қолданатын шаруа қожалықтарыныӊ жұмысымен танысты.

Облыс әкімініӊ орынбасары Серікжан Бескемпіров облыстағы АӨК дамыту және қант қызылшасын, суармалы егіншілікті дамыту бойынша, сонымен қатар сервистік-дайындау цехтарын құру бойынша қолға алынып жатқан шаралар туралы баяндады.

"Нам Г. Н." шаруа қожалығыныӊ үлгісінде Бақытжан Сағынтаевқа суармалы егіншілікте жаӊа технологиялардыӊ қолданылуы туралы әӊгімелеп берді. Бұл шаруашылықтағы суармалы жер көлемі 75 га, оныӊ ішінде 25 га жерде қант қызылшасы 30 га - картоп өсіріледі, қалған жерлерге соя және күздік бидай егіледі. 20 жуық жұмыс орындары құрылған.

Аймақта алғаш рет 10 га қызылша өсіру аумағында тамшылатып суарудыӊ израильдік технологиясы эксперимент түрінде қолға алынады. Диқаншылар осылайша қызылша түсімініӊ артуын көздейді, ол аталған шаруашылықта аймақ бойынша орташа деӊгейден жоғары және жылына 600 центнерді құрайды.

Алматы облысында қант қызылшасын өӊдейтін Жетісудағы аса ірі Ақсу зауыты іске қосылған. 2017 жылы аймақта қант қызылшасы егілетін аумақты 9 мыӊ га дейін арттырып, 30 мыӊ тонна қант алу жоспарланып отыр. Бұл облыс халқын 84%-ға өз қантымен қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді, бұл 2017-2020 жылдарға арналған АӨК дамытудыӊ мемлектетік бағдарламасыныӊ міндеттеріне сай келеді.

Анықтама:

Алматы облысында 2017 жылы АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 33,6 млрд теӊге көлеміндегі бюджет қаражаты қарастырылған, оныӊ ішінде субсидия көлемі - 24,9 млрд теӊге. Биыл 111 ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жоспарланып отыр.

Бақытжан Сағынтаев "Талдықорған" АГБС барып, Алматы облысын газдандыру барысымен танысты

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "Талдықорған" автоматтандырылған газ бөлу стансасына барып, ондағы технологиялық жабдықтармен және магистральді газ құбырын автоматтандырылған басқару жүйесімен танысты, сондай-ақ аймақ пен Талдықорған қаласын газдандыру барысы туралы баяндаманы тыӊдады.

Бақытжан Сағынтаевқа ұзындығы шамамен 265 шақырым болатын "Алматы-Талдықорған" магистральді газ құбырыныӊ құрылысыныӊ аяқталуы туралы баяндалды. Бұл жаӊа газ бөлу стансасын іске қосумен бірге орталықтандырылған газ құбырына Талдықорғанныӊ бірқатар ықшам аудандарын қосуға мүмкіндік берді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев үйлері алғаш рет газ құбыры желісіне қосылған аудандардыӊ бірінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

"Алматы-Талдықорған" магистральді газ құбырыныӊ құрылысы аймақ үшін аса ірі әрі әлеуметтік маӊызға ие жобалардыӊ бірі болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін бюджет қаражатынан 21,4 млрд теӊге бөлінді.

ҚР Үкіметініӊ алдында аймақтарды газдандыру деӊгейін 2030 жылға қарай 56% дейін жеткізу міндеті тұр. Осыған байланысты қазіргі кезде аталған мақсаттарға қол жеткізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Алматы облысында "ҚазТрансГаз" АҚ Ұлттық операторыныӊ бөлімшелері Талдықорған қаласыныӊ газбен жабдықтайтын қалалық ішкі желілерін салып жатыр, 1,4 мыӊ шақырымға созылатын,170 мыӊ адамды қамтитын 4 кезекке бөлінген құрылыстыӊ жалпы құны 23,4 млрд теӊгені құрайды.

Биылғы жылдыӊ ІІ тоқсанында бюджет қаражаты есебінен "Талдықорған-Текелі" жобасы бойынша жүргізілетін газ құбырыныӊ құрылысын бастау жоспарланып отыр, оныӊ құны 1,5 млрд теӊге. Бұл 35 мыӊ адам тұратын Текелі қаласы мен 23,5 мыӊ адам тұрып жатқан Ескелді ауданыныӊ 9 елді мекенін газдандыруға мүмкіндік береді.

2016 жылы жеке инвестициялар есебінен құны 4,4 млрд теӊге болатын "Байсерке-Қапшағай" магистральді газ құбырыныӊ құрылысы басталды. 2015 жылдан бері Қапшағай қаласыныӊ газбен жабдықтау қалалық ішкі желілерініӊ құрылысы жүргізіліп жатыр, оған 1,6 млрд теӊге инвестиция салынды."Байсерке-Қапшағай" МГ, АГБС және Қапшағай қаласын газбен жабдықтайтын қалалық ішкі желілері бойынша барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2017 жылдыӊ 15 қазанына дейін аяқтап, пайдалануға беру көзделіп отыр.

Бақытжан Сағынтаев Алматы облысында жұмыс орындарын ашу шараларымен танысты

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жаӊа өндіріс орындары ашылып жатқан "Талдықорған" индустриалды аймағыныӊ жұмысымен танысты, сонымен қатар аймақтағы тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша шаралар туралы есепті тыӊдады.

Б. Сағынтаевқа "Талдықорған", "Береке" индустриалды аймақтарыныӊ ағымдағы қызметі, "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА жұмысы туралы мәлімет берілді, сондай-ақ Панфилов ауданындағы жаӊа Нұркент қаласыныӊ құрылыс барысы және Gate Sity серіктес қаласын дамыту туралы баяндалды.

Қазіргі кезде индустриалды аймақ аумағында барлығы 11 кәсіпорын жұмыс істеп тұр, оныӊ ішінде металл бұйымдарын, жылытатын базальтті плиталарды, асфальт, бетон мен басқаларын өндіретін зауыттар мен цехтер бар. Сонымен қатар алдағы уақытта тағы 9 кәсіпорын осы жерге өз өндірістерін орналастыруды жоспарлауда.

Жаӊа өндірістерді білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін өӊірде тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеӊкелері өткізіліп тұрады. ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев "Жастар" атты жаӊа саябақтағы бос жұмыс орындары жәрмеӊкесіне барды, мұнда 100-ге жуық кәсіпорын 1500-ден астам жұмыс орнын ұсынды.

Бақытжан Сағынтаевқа мұндай жәрмеӊкелердіӊ жиі өткізілуі есебінен, биылғы жылдыӊ басынан бері 6 мыӊнан астам адамды жұмысқа орналастыру мүмкін болғаны баяндалды. Оныӊ ішінде тұрақты жұмыс орындарымен 2300-ге жуық адам, маусымдық жұмыспен - 1300 адам қамтамасыз етілді, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін қоғамдық жұмыстармен 2700 адам қамтылды.

Азаматтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметі қазірдіӊ өзінде сервистік экономиканы дамыту бойынша шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр, сонымен қатар ҚР Президенті Н.Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, сонымен қатар жұмыссыз жастар үшін тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасы қабылданды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысыныӊ әкімі А. Баталовтыӊ су деӊгейініӊ көтерілу жағдайына байланысты айтқан мәліметін тыӊдады

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өӊір әкімі А. Баталовтыӊ Қарасай ауданыныӊ Қырғауылды ауылындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпаратын тыӊдады.

Премьер-Министр Б. Сағынтаев облыс әкімі А. Баталовқа ҚР ІІМ-мен бірлесіп, оқиға салдарын жоюдыӊ қажетті шараларын қабылдап, аталған мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Еске сала кетейік, 27 сәуірде Алматы облысыныӊ Қарасай ауданыныӊ Қырғауылды ауылында орналасқан, осы аттас өзені жауын-шашынныӊ мол жаууыныӊ салдарынан арнасынан тасып, су деӊгейініӊ көтерілу мәселесі орын алған болатын. Соныӊ нәтижесінде Қырғауылды ауылыныӊ бірқатар учаскесінде, сондай-ақ облыстық маӊызға ие "Алматы - Жандосова" трассасында су тасқыны орын алды.

Бақытжан Сағынтаев Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруын бірлесіп жүзеге асыру мәселелері бойынша Алматы облысыныӊ кәсіпкерлерімен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Аймақтық кәсіпкерлер кеӊесініӊ мүшелерімен кездесіп, олармен жаппай кәсіпкерлікті дамыту, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, экономиканы қайта реттеу және ырықтандыру, экономиканыӊ жаӊа салаларын, жаӊа индустрияларды, сервистік экономика мен "қарапайым заттар" экономикасын ендіру мәселелерін талқылады.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруын жариялап, үш маӊызды жаӊарту процесіне - саяси реформаға, экономиканы жаӊғыртуға және сананы жаӊғыртуға бастамашы болғанын атап өтті, мұныӊ бәрі еліміздіӊ алдыӊғы қатарлы 30 елдіӊ қатарына енуі жолында сапалы дамуын қамтамасыз етеді, деп атап өтті Премьер-Министр Б. Сағынтаев.

Ел Үкіметі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы сатып алуларда жергілікті мазмұнныӊ үлесін арттыру үшін одан әрі жұмыс істей береді. Атап айтқанда, отандық тауар өндірушілер үшін индустриялық сертификат енгізіледі, оны иеленгендер "Самұрық-Қазына" АҚ ҰК компаниялары үшін өнімдерді жеткізуге қатыса алады.

Сонымен қатар кәсіпкерлерге қаржылық және заӊнамалық қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп, бизнес үшін тексерулер мен рұқсаттар азайтылып жатыр, сонымен қатар мемлекеттіӊ ел экономикасына қатысу үлесі төмендетілуде.

Кездесу аясында Алматы облысыныӊ әкімі А. Баталов, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасыныӊ орынбасары Т. Шотанов сөз сөйлеп, ШОБ дамыту, еӊ алдымен ұзақ мерзімді несиелендірудіӊ қолжетімділігі проблемаларын көтерді. Алматы облысы аймақтық кеӊесініӊ төрағасы Р. Салықова ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселесін көтерді, өйткені аймақтағы 118 мыӊға жуық ШОБ субъектілерінен 95 (80%) мыӊға жуығы АӨК саласына тартылған.

Өз кезегінде АКП кәсіпкерлердіӊ құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес Кеӊесініӊ төрағасы Б. Файзулин сот процестері кезіндегі кәсіпкерлік мүдделерін қорғау және әкімшілік кедергілерді одан әрі төмендету қажеттігі мәселелеріне көӊіл аудартса, "Қасанжар" ЖШС бас директоры Ж. Сарғалдақов мал шаруашылығы өнімдерініӊ экспортына байланысты мәселені көтерді.

"Хильниченко А.В." ЖК басшысы А. Хильниченко, Алматы облысыныӊ ішкі туризмді дамыту қауымдастығыныӊ төрағасы Р. Хакимов пен "Геодезия сервис" ЖШС бас директоры, Алматы облысыныӊ жобалық, жобалық-іздену ұйымдары қауымдастығыныӊтөрағасы А. Аникин Алакөл, Балқаш және Қапшағай туристік аймақтарындағы ішкі туризмді дамыту бойынша қордаланған мәселелер мен атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

"ТК-Метакон" ЖШС директоры П. Сребный, "Дорпласт-инвест" өндірістік компаниясы" ЖШС директоры А. Хачатрян энергия қуаттылығыныӊ тапшылығымен, бірқатар мемлекеттік сатып алулар конкурстарыныӊ ашық еместігімен, сонымен қатар "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуымен байланысты мәселелерге тоқталды.

Кездесу қорытындылары бойынша Б. Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға барлық аталған мәселелерді қарастырып, оларды бақылауға алуды тапсырды.

Айта кетейік, аймақтарға жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі бизнеспен кездесулер өткізуге ерекше көӊіл бөледі, мұндай жүздесулер аясында ол кәсіпкерлікті қолдау бойынша Үкіметтіӊ жүргізіп отырған жұмыстарын түсіндіреді. ҚР Президенті Н. Назарбаев өзініӊ үшінші жаӊғыру туралы Жолдауында бизнестіӊ елдегі экономикалық өсімніӊ қозғаушы күшіне айналуы керектігін айтты.

Бақытжан Сағынтаев Алматы облысыныӊ әлеуметтік инфрақұрылым нысандарыныӊ жұмысын бағалады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарыныӊ жұмысын бағалады, солардыӊ ішінде көпбейінді аурухана, Жастарға қызмет көрсету орталығы және Талдықорған қаласыныӊ Оқушылар сарайы бар, сонымен қатар 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" бағдарламасын іске асыру барысы мен өӊір мектептеріндегі үш тілде білім беруге ауысуға дайындық барысы туралы баяндамаларды тыӊдады.

Талдықорғандағы көпбейінді аурухананы аралау кезінде Бақытжан Сағынтаев клиникалық-диагностикалық бөлім мен аз инвазивті бөлімді, сонымен қатар компьютерлік және магнитті-резонансты томография кабинеттерін аралады.

ҚР Премьер-Министрі "Денсаулық" бағдарламасы аясында жаӊа нысандар құрылысы мен материалдық-техникалық базаныӊ жаӊартылуы жүргізіліп жатқанын айтты. Биыл облыста ауылдағы медицина қызметтерініӊ сапасын арттыруға мүмкіндік беретін алты дәрігерлік амбулаторияныӊ құрылысы аяқталады.

Жалпы облыс халқына 826 мекемеде медициналық көмек көрсетіледі, оныӊ ішінде 663 - мемлекеттік, 163 - жекеменшік мекеме. ҚР Премьер-Министріне мамандандырылған ЖҚҚО-ныӊ ағымдағы жағдайы туралы баяндалды, онда интернет-кітапхана, "Жасыл ел" облыстық штабыныӊ кабинеті мен жастарға қызмет көрсету бөлімі жұмыс жасайды. 2016 жылы салынған Орталықта жыл сайын облыстыӊ 700-ге жуық жас тұрғыны өзекті мәселелерді шешуде көмек алады.

Мұндай орталықтар жастарға практикалық көмек беріп қана қоймай, ҚР Үкіметі тарапынан қолдау шаралары туралы пайдалы ақпарат ұсынады. Осылайша, "Жастар іс-тәжірибесі", "Дипломмен - ауылға" және "Жасыл ел" бағдарламаларыныӊ арқасында студенттер мен түлектер маусымдық және тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, биыл кәсіби-техникалық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру басталады, ол жастарға жұмысшы мамандықтарды тегін алуға мүмкіндік береді.

Оқушылар сарайын аралау кезінде Бақытжан Сағынтаевқа өӊірдегі мектептердегі үш тілді білім беруге көшуге дайындық жайы баяндалды. Сонымен қатар, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер базасында және "Білім - Инновация" лицейлерінде жаратылыстану-математикалық цикл пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Айта кету керек, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес, адам капиталыныӊ сапасын арттыру Қазақстандағы экономикалық өсімніӊ жаӊа үлгісін қалыптастыру кезіндегі басымдықтардыӊ бірі ретінде көрсетілген. Осыған орай, ҚР Үкіметі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен денсаулық сақтау және білім берудіӊ заманауи жүйелерін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.

Бақытжан Сағынтаев Алматы облысыныӊ жұртшылығымен Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы мен өӊірді дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына жұмыс сапары кезінде өӊір жұртшылығымен облысты одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту, сонымен қатар Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауы мен "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаӊғырту" бағдарламалық мақаласында алға қойған міндеттерін іске асыру мәселелері жөнінде кездесу өткізді.

Қатысушылар кездесу аясында өӊірді дамытудыӊ өзекті мәселелерін талқылады, солардыӊ ішінде: кәсіпкерлікке, денсаулық сақтау мен білім беру саласына қолдау көрсету, жұмыспен қамту, тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ, облыс жұртшылығын толғандыратын өзге де мәселелерді талқылады.

Кеӊес барысында Алматы облысыныӊ әкімі А. Баталов, ҚР еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова, ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек және ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов сөз сөйледі.

Сондай-ақ, кездесуде облыстық Ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Е. Келемсейіт, "Лукойл Лубрикантс Орталық Азия" ЖШС бас директоры А. Матюков, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ студенті А. Оразалы, "Ескелді" ӨК басшысы С. Сариев, Облыстық қоғамдық келісім кеӊесініӊ төрағасы О. Жақиянов, "Нүсіпов және К" ЖШС директоры Қ. Нүсіпов, Іле ауданыныӊ М. Мақатаев атындағы №13 орта мектебініӊ директоры Ғ. Нәдірбекова, "Огни Алатау" облыстық газетініӊ бас редакторы А. Идигов сөз сөйлеп, сұрақтар қойды.

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына орай, ҚР Үкіметі өндірісті әртараптандыру, жаӊғырту, экспорт көлемін ұлғайту және инвестициялар тартудан тұратын экономикалық өсімніӊ жаӊа үлгісіне ауысудыӊ кешендік жұмыстарын жүргізуде. Осыныӊ бәрі ел экономикасыныӊ өсімін жыл соӊына қарай 5-6% деӊгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп жоспарланған.

ҚР Үкіметі аталған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін өз жұмысын бес бағытқа жұмылдырады, олар: жаппай кәсіпкерлікті дамыту, өнімді жұмыспен қамту мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, цифрлық экономика мен салалық жобаларды дамыту.

ҚР Үкіметі жұмысындағы маӊызды бағыттардыӊ бірі құрылыс секторын дамыту. Соған орай Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары қолға алынды, оныӊ аясында таяу 15 жылдыӊ ішінде 1,5 млн отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген.

Сондай-ақ, аграрлық секторды дамытуға да ерекше көӊіл бөлінеді, бұл сала ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ тапсырмасына сәйкес экономиканыӊ жаӊа драйверіне айналуы тиіс.

Алматы облысыныӊ аталған салада көшбасшы болуға барлық қажетті әлеуеті бар, алайда назарды тек ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндіруге ғана емес, сондай-ақ дайын өнімніӊ бәсекеге қабілетті болуына да аудару керек.

ҚР Үкіметініӊ алдында тағы да бір маӊызды міндет - еӊбек нарығын жаӊғырту мәселесі тұр. Ол өндірістіӊ барлық түріне заманауи технологияларды енгізуге негізделеді.

Бұдан өзге, ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ тапсырмасы бойынша тегін кәсіби-техникалық білім беру бағдарламасы қабылданды, ол жаӊа кәсіпорындарды білікті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қазіргі таӊда Қазақстанда цифрландыру мен ақпараттандыру қағидаларына негізделген, денсаулық сақтау мен білім берудіӊ жаӊа жүйелерін қалыптастырудыӊ кешенді жұмыстары жүргізілуде.

Барлық алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін ҚР Үкіметініӊ, азаматтық қоғамдастықтыӊ ұйымдасқан жұмысы қажет. Сондай-ақ Алматы облысы тұрғындарыныӊ Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауы мен "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаӊғырту" бағдарламалық мақаласында алға қойған міндеттерін іске асыру мәселесінде белсенді болуы маӊызды.

Кеӊес қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға және облыс әкімдігіне көтерілген барлық мәселелердіӊ шешімін бақылауға алуды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны