07.08.2017, 19:31 4271

Бақытжан Сағынтаевқа Щучинск - Бурабай курорттық аймағын дамытудыӊ барынша перспективалы бағыттары ұсынылды

Бүгiн ҚР Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Щучинск -Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелерi бойынша кеӊес өткiздi. Онда осы саладағы барынша перспективалы бағыттар мен жобалар талқыланды.

Көкшетау. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгiн ҚР Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Щучинск -Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелерi бойынша кеӊес өткiздi. Онда осы саладағы барынша перспективалы бағыттар мен жобалар талқыланды.

Кеӊеске туристiк бизнес өкiлдерi, бизнес қауымдастықтардыӊ, "Атамекен" ҰКП, орталық мемлекеттiк органдардыӊ, сондай-ақ Ақмола облысыныӊ жергiлiктi атқарушы органдарыныӊ өкiлдерi қатысты.

ҚР мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин, сонымен қатар "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасыныӊ мiндетiн атқарушы Нұржан Илтаев жалпы туристiк саланы және Щучинск -Бурабай курорттық аймағын дамыту шаралары туралы баяндамаларымен таныстырды.

Бұдан өзге, аталған саланыӊ алдағы перспективалары туралы көзқарастарымен Қазақстан туристiк қауымдастығыныӊ президентi Роза Асанбаева және Туризмнiӊ еуразиялық қауымдастығыныӊ президентi Рысты Қарабаева бөлiстi.

Қатысушылар экологияны жақсарту, көлiк логистикасын дамыту, туристiк сертификаттарды енгiзу, саланы шетелде таныту үшiн маркетингтiк қолдау, қысқы мерзiмде мейманханалар мен қонақүйлердi қамтамасыз ету және т. б. мәселелер бойынша пiкiр алмасты.

Бақытжан Сағынтаев сөз сөйлеу барысында Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда экономиканыӊ үшiншi жаӊғыруы орын алып жатқанын атап өттi. Оныӊ аясында өсiмнiӊ жаӊа моделi қалыптастырылуда. Дегенмен, әлемнiӊ 30 еӊ үздiк дамыған елдерiнiӊ қатарына қосылу үшiн базалық салалардыӊ бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудан өзге, экономиканыӊ өзге де перспективалы салаларын жақсарту қажет, олардыӊ iшiнде туризим мен сервистiк қызметтер бар.

Бұл үшiн, Премьер-Министрдiӊ айтуынша, қажеттi инфрақұрылымды дамытып, сервис деӊгейiн арттыру қажет. Үкiмет тарапынан осы бағытта қажеттi кешендi жұмыстар жүргiзiлiп жатыр, соныӊ iшiнде Щучинск -Бурабай курорттық аймағын дамытудыӊ 2020 жылға дейiнгi кешендiк жоспары әзiрлендi.

Кеӊес қорытындысы бойынша мемлекеттiк органдарға аталған ұсыныстарды жинақтап, облыстыӊ туристiк кластерiн дамытудыӊ қолданыстағы бағдарламасына өзгерiстер енгiзу кезiнде ескеру тапсырылды.

Анықтама:

Курорттық аймақты дамыту аясында кешендiк Жоспардыӊ екi кезеӊi iске асырылды: 2012-2013 жылдарға арналған 1 кезеӊ, 2014-2016 жылдарға арналған 2 кезеӊ, олардыӊ аясында 12 млрд теӊге игерiлiп, 43 шара аяқталды.

Биыл инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруды жалғастыру үшiн 5,4 млрд теӊге бөлiндi.

Соӊғы 6 жылда Ақмола облысына келген туристердiӊ саны екi есеге артты. Жаз мезгiлiнде туристердiӊ саны 500 мыӊ адамнан асады, ал жылына -миллионға жуықтайды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес Щучинск -Бурабай курорттық аймағын дамытудыӊ 2017-2020 жылдарға арналған жоспарыныӊ үшiншi кезеӊiнiӊ жобасы әзiрлендi. Қазiргi таӊда жоба бекiтудiӊ соӊғы сатысында тұр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны