03.07.2014, 21:07 3130

Бакуде ЕҚЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Біздің еліміз Орталық Азия елдерінен алғашқы болып БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына 2017 жылы енуге ниеттеніп отыр.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков пен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Дулат Құсдәулетов 28 маусым мен 2 шілде аралығында Баку қаласында өткен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы ХХІІІ сессиясына қатысты.

Қазақстан парламенттік делегациясының құрамына Мәжіліс депутаттары - Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қуаныш Сұлтанов және Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Светлана Қадыралиева да енген болатын, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл сайынғы сессияның ашылуында форумға қатысушылар алдында Изербайжан Президенті Ильхам Алиев, ЕҚЫҰ ПА Төрағасы Ранко Кривокапич, Изербайжан Парламентінің Төрағасы Октай Асадов, ЕҚЫҰ-ның іст басындағы төрағасы Дидье Буркхальтер құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ Ресей Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкинге және Украина Жоғарғы Радасы Төрағасының орынбасары Руслан Кошулинскийге де сөз берілді.

Ол одан басқа, Қазақстанның үнқатысу және өзара іс-қимыл қалыптастыруда сындарлы рөл атқаруға ұмтылысын атап өтті. Осыған байланысты, оның айтуынша, біздің еліміз Орталық Азия елдерінен алғашқы болып БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына 2017 жылы енуге ниеттеніп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны