31.10.2024, 15:23 97066

Балалар суицидін алдын алмағаны үшін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды

Балалар суицидін алдын алмағаны үшін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Көкшетау қаласының прокуратурасы жүргізген талдаумен жергілікті атқарушы органдардың жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жүргізілмегені анықталды.

Сонымен, балалар арасында суицид әрекеттерінің көбеюі аясында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары басқаратын Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы оларға жол бермеу бойынша тиісті шараларды қолданбады.

Комиссияның әрекетсіздігі және облыс орталығында тұратын жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының мәселелерін шешуге формальды көзқарасы кәмелетке толмағандардың суицид әрекетін қайталауға әкелді.

Балалар суицидін алдын алу бойынша тиісті бақылаудың жоқтығы және қажетті шараларды уақтылы қолданбағаны үшін прокурорлық қадағалау шаралары арқылы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны