13.03.2013, 12:28 3249

Балқаш жылу электр станциясын дамыту туралы заң жобасы мақұлданды

"Жобалық компания Қазақстан тарапынан "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамына, Корея тарапынан "Korea Electric Power Corporation" және "Samsung C&T Corporation" компанияларына тиесілі болады",- деді министр.

Астана. 13-наурыз. Kazakhstan Today - Балқаш жылу электр станциясын дамыту туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру,жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімді ратификациялау туралы" Заң жобасы мақұлданған.

"Аталмыш келісім 2011 жылғы 25 тамызда Астанада жасалған. Келісімнің мақсаты "Балқаш жылу электр станциясы" жобасын табысты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады",- деді аталмыш сұрақ бойынша баяндама жасаған Премьер-министрдің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев.

Министр бұл жобаға қандай компаниялар иелік ететінін де айтты.

"Жобалық компания Қазақстан тарапынан "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамына, Корея тарапынан "Korea Electric Power Corporation" және "Samsung C&T Corporation" компанияларына тиесілі болады",- деді министр.

Депутаттар дауыс бере келе, Заң жобасын мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны