29.04.2013, 16:10 3152

Бангладеште қираған ғимараттың иесі Үндістанмен шекарада ұсталды

Иртүрлі мәліметтер бойынша, апатқа қатысы бар 6-8 адам тұтқындалды. Олардың қатарында инженерлер мен ғимаратта орналасқан тоқыма фабрикаларының бастықтары бар.

Астана. 29-сәуір. Kazakhstan Today - Сәрсенбі күні Бангладеште қираған ғимараттың иесі Үндістанмен шекарада ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Мохаммед Сохел Рана Батыс Бенгалия үнді штатымен шекаралас жатқан Бенапол қаласындағы бақылау-өткізу пунктінің қасында ұсталды. Қазір ол Бангладеш астанасы Дакку қаласына жеткізілді. М.Рана сегіз қабатты ғимарат құлағаннан бері қашып жүрген.

Иртүрлі мәліметтер бойынша, апатқа қатысы бар 6-8 адам тұтқындалды. Олардың қатарында инженерлер мен ғимаратта орналасқан тоқыма фабрикаларының бастықтары бар.

Осылай, оқиға орнында арнайы операция жалғасуда. Операцияның қашан бітетіні жақын арада белгілі болады.

Еске сала кетсек, ғимарат 2013 жылғы 24 сәуірде таңертең құлаған. Апат салдарынан 360-тан астам адам қаза болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны