18.09.2007, 16:08 3016

Барнаулда қазақстан-ресей шекарасы арқылы 22 кг апиын алып өтпек болған Қырғызстанның екі азаматы сотталды

Барнаулда қазақстан-ресей шекарасы арқылы 22 кг апиын алып өтпек болған Қырғызстанның екі азаматы сотталды.

Павлодар. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Барнаулда қазақстан-ресей шекарасы арқылы 22 кг апиын алып өтпек болған Қырғызстанның екі азаматы сотталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ресейдің Федералдық қызметінің Алтай өңірі бойынша есірткі айналымын бақылау жөніндегі аймақтық басқармасының ақпарат және бұқарамен байланыс тобынан хабарлады.

Топтың мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстанның азаматтары Азиз және Абдулхамит Ташходжаевтар есірткі тасымалдауға кінәлі деп танылды. Баспасөз қызметінің бастығы Павел Селеверстовтың айтуынша, күдіктілер өткен жылдың 3-тамызында Калманка - Шилова тасжолының 11-ші шақырымында, қазақстан-ресей шекарасының маңында ұсталған. Ағайындылардың бірі мініп келе жатқан көлікті тексеру кезінде, жедел қызметкерлер тіркемедегі жасырын жерде тығылған, бөлек дорбаларға орап салынған 22 кг апиын тапқан болатын.

"Ол тіркемеге жеміс-жидектер мен пиязға толтырып алған, ал үстінен солярка төккен, сондықтан да шекарадағы бір де бір ит есірткінің иісін сезбеген",- деп түсіндірді Павел Селеверстов. 25 жастағы Абдулхамит барлық шекараны бірінші болып өтіп, Азизге қазақстан-ресей шекарасындағы кедендік бақылаудың егжей-тегжейі туралы телефон арқылы хабарлап отырған.

Ресейдің Федералдық қызметінің Алтай өңірі бойынша есірткі айналымын бақылау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілерді ұстау үшін тергеушілер олардың араларындағы телефонмен сөйлескен сөздерін жазып отырған, олардың мағынасын ашып түсіну үшін арнайы аудармашыны да шақыртқан. Ресейлік есірткі полицейлерінің ақпараттарына сүйенсек, ұсталғандар есірткіні Хабаровскіге әкеле жатқан. Олардың бұл қылмыстық бизнеспен екі жылдан бері айналысқандықтары белгілі болды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкімі бойынша Азиз есірткі контрабандасы үшін 10 жылға, ал оның туысы Абдулхамит сыбайласы ретінде 9 жылға бас бостандықтарынан айырылған, жазаларын қатаң тәртіпті колонияда өтейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны