31.03.2010, 10:22 3551

Бас әскери прокуратура бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесін ерекше бақылауға алды

Бас әскери прокуратура бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесін ерекше бақылауға алды

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Бас әскери прокуратура бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесін ерекше бақылауға алды. Бұл туралы мәселе кеше Республиканың Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадиновтың төрағалығымен өткен Бас әскери прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінде қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, прокурорлық тексерулер барысында мынадай заң бұзушылықтар ашылғандығы айтылды: мемлекеттік сатып алудың тиісті дәрежеде жоспарланбауы, сатып алу тәсілінің бұрыс қолданылуы; сараптама комиссиясының негізсіз шешім қабылдауы; тапсырыс берушілердің жеңісін құқыққа сай танымау; тапсырыс берушілердің шартты міндеттемелерді бұзуы, оларға қатысты айыппұл санкциясының қолданылмауы. Сондай-ақ, сатып алу және дәрілік препараттарды есептен шығару кезінде бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану дерегі анықталды. Одан басқа, арсыз тапсырыс берушілерге қатысты тиісті шаралардың дер кезінде қолданылмау жайлары ашылды, олар санитарлы-эпидемиологиялық қалыптарды бұзған.

Мәжіліс барысында Бас әскери прокуратураның мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі Қорғаныс министрлігінің жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсынысы қолдау тапты.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша Бас әскери прокуратура мен қорғаныс ведомствосының бірлескен конструктивті қызметіне бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны