02.10.2009, 10:13 3004

Бас әскери прокуратура бюджеттік қаражатты ірі көлемде жымқыру дерегін ашты

Бас әскери прокуратура бюджеттік қаражатты ірі көлемде жымқыру дерегін ашты

Алматы. 2 қазан. Kazakhstan Today - Бас әскери прокуратура бюджеттік қаражатты ірі көлемде жымқыру дерегін ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Алматы аудандық пайдалану бөлімі" Мемлекеттік мекемесінде ("Алматы АПБ" ММ) мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлыққа жол беру, оның ішінде лауазымды тұлғалар тобының қызметтегі билігіне асыра және қызмет бабын теріс пайдаланып, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін ашты.

Атап айтсақ, мекеменің хабарлауынша, 2008 жылдың маусым-шілде айларында Қорғаныс министрлігінің "Алматы АПБ" ММ есепшотына Алматы қаласындағы әскери Жоғарғы оқу орындарының аумағын асфальттап жөндеу жұмыстарына жоспардан тыс мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 49 млн 254 мың теңге аударылған болатын.

"Өз кезегінде, "Алматы АПБ" ММ бастығы Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңының 5- бабының 8- бөлімі, 30- бабының 2- бөлімі 2- тармағының талаптарын бұзып, мемлекеттік сатып алуды қажетті тәртіппен өткізбей, "Сим-Астана" Компания ЖШС-мен көрінеу заңсыз келісім-шарт жасасқан",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "яғни, Қорғаныс министрлігі мен "Алматы АПБ" лауазымды тұлғалары, сонымен бірге "Сим-Астана" ЖШС басшыларының іс-әрекеттерінде, қызмет бабын теріс пайдаланып, бірнеше рет иемдену жолымен бюджет қаражатын ірі көлемде жымқыру, сондай-ақ билікті асыра және қызмет бабын теріс пайдалану мен қызмет жалғандығы белгілері анықталды".

Осыған орай, Бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176- бабы 3- бөлігінің "б", "г" тармақтарымен, 380- бабы 2- бөлімі, 314- бабы 2- бөлімі бойынша 3 қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық істер Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетіне алдын-ала тергеу жүргізуге жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны