19.06.2009, 11:24 1686

Бас әскери прокуратура Қарағанды облысында екі әскеридің жаралануына себеп болған жарылыстың барлық мән-жайын тексеруде

Бас әскери прокуратура Қарағанды облысында екі әскеридің жаралануына себеп болған жарылыстың барлық мән-жайын тексеруде

Астан. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бас әскери прокуратура Қарағанды облысында екі әскеридің жаралануына себеп болған жарылыстың барлық мән-жайын тексеруде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылы "Тоқырау-10" нысанындағы оқ-дәрілерді сақтау орнында болған өрт зардабын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен жыл сайын қойма орналасқан жерде жарылуға қауіпті заттардан аумақты тазалау бойынша жұмыс жүргізіліп отырады.

Жарылуға қауіпті заттардан аумақты тазалау міндеті өрт зардабын жою бойынша жарылуға қауіпті заттармен жұмыста тәжірибелі саперлермен жасақталған жинақтау тобының әскери қызметшілеріне жүктелген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 16 маусымында өрт зардабын жою бойынша жинақтау тобының әскери қызметшілері саперлер аға лейтенант Б.Сүлейменов капитан Е.Бегалиевпен бірге әскери үлгідегі жарылуға қауіпті заттарды бомбаіздегіш құралдың көмегімен табу міндетін орындады.

Шамамен 11 сағат 15 минутта жұмыс кезінде табылған жарылуға қауіпті заттың өз-өзінен жарылысы болды.

Жарылыстан алған дене жарақатының салдарынан Е.Бегалиев пен Б.Сүлейменов Балхаш қалалық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі кезде әскери қызметшілердің денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда, делінген хабарламада.

"Приозерск гарнизонының әскери прокуратурасы басқа да құқық қорғау органдарымен бірігіп жарылыстың барлық мән-жайын тексеруді жүргізу үстінде, аталған оқиғаға ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталуда",- деп хабарлайды мекеме.

Тексеру барысы мен нәтижелері Бас әскери прокурордың жеке бақылауында.

Сондай-ақ, прокуратура Алматы облысында МИ-24 әскери тік ұшағының құлау себептерін тексеруде.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Алакөл ауданы, Үшарал қаласында 2009 жылдың 17 маусымында сағат 20 шамасында 01852 әскери бөлімінің аумағында ұшуды жоспарлы оқыту кезінде қонуға дайындықта МИ-24 әскери тік ұшағы құлап, өртенді.

Оқиғадан кейін жеңіл дене жарақатын алған 3 адамнан тұратын тік ұшақ экипажы: командир майор А.Қарамергенов, ұшқыш оператор лейтенант А.Аношкин және борттехник И.Букреевтер өз күшімен әуе кемесінен шықты және қазіргі кезде бөлім лазаретінде тексерілуде.

Апаттан зардап шеккендер жоқ, ұшу аппаратының құлауының алдын-ала себебі - басқарудың гидрожүйесінің істен шығуы деп танылуда.

Оқиға болған жерде Талдықорған гарнизоны әскери прокурорының басшылығымен жедел-тергеу тобы жұмыс жүргізуде.

Тексеру барысы мен нәтижелері Бас әскери прокурордың жеке бақылауында, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны