02.08.2007, 18:53 2932

Бас прократура Білім министрлігі тарапынан мемлекеттік сатып алуға қатысты байқау жүргізу барысында көптеген заң бұзушылықтарға жол берілгендігін анықтады

АСТАНА. 2 - тамыз. Kazakhstan Today. Бас прократура Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан мемлекеттік сатып алуға қатысты байқау жүргізу барысында көптеген заң бұзушылықтарға жол берілгендігін анықтады. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім еті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Білім министрлігі желісі бойынша 2006-2007 жылдары өткізілген 48 мемлекеттік сатып алу байқауының жартысы заң бұзумен жүргізілген, заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 8 млрд теңгені құрап отыр",- деп хабарлады Сапарбек Нұрпейісов. Оның бағалауынша, "анықталған кемшіліктердің ауқымдылығы мен сипаты білім беру жүйесіндегі лауазымды тұлғалардың өздеріне жүктелген міндетті атқаруға жауапсыздықпен қарайтындығының куәсі".

"Тексеру нәтижесі көрсетіп отырғандай, бюджеттік қаржыны тиімсіз пайдалану тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді сатып алу сатысында да, мемлекеттік сатып алу туралы келісімді орындау процессінде де көрініс берген",- деп түсіндірді Бас прокуратураның өкілі. Оның айтуынша, "көбінесе байқауда тиісті нарықта біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі жоқ тасымалдаушылар жеңімпаз атанып отырған".

Сапарбек Нұрпейісовтың ақпараттарына сүйенсек, "өткен жылдың наурызында Білім министрлігінің студенттердің құрылыс және жастар-еңбек отрядтарының іс-қызметін дамытуға байланысты қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алуға қатысты ашық байқаудың жеңімпазы айналымдағы қаржысы небәрі 21 мың теңгені құрайтын мекеме болған". "Бұл тасымалдаушыда қандай да бір активтері болмаған, ал оның есепшотында екі жыл бойы ақша айналымы жүргізілмеген. Сондықтан да оның өтінішінен сөзсіз бас тартылуға тиіс болған, ал байқау өтпеген болып танылуға тиіс",- деп түсіндірді ол.

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, тексеру барысында сондай-ақ тасымалдаушылар тапсырыстың байқаудағы бағасын негізсіз түсіру нәтижесінде байқауды жеңіп алғандығын анықталды. С. Нұрпейісовтің хабарлауынша, өткен жылдың желтоқсанының басында Білім министрлігі қазақ тілі бойынша әдістемелік материалдар басып шығару жөнінде 63 млн теңге сомасында келісім жасаған. "Келісімдегі шарттарға сәйкес тасымалдаушы 2006 жылдың 31-желтоқсанына дейін республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарына оқулықтар жеткізуге міндеттенген. Бірақ тексеру нәтижесінде белгілі болғандай, бұл оқулықтар қазіргі уақытқа дейін елдің бір де бір аймағына түспеген",- деді ол.

Сонымен қатар, оның мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдың 18-желтоқсанында министрлік 19 млн теңге көлемінде алдын-ала төлем жасаған, ал бірнеше күн өткеннен кейін атқарылған жұмыс актісінің негізінде тасымалдаушыға қалған 44 миллионнан астам сома төленген. "Сондай-ақ, министрлік бюджеттік заңнама талаптарын бұза отырып, жұмысты орындау мерзімін үстіміздегі жылдың 15-не дейін созу туралы қосымша келісім жасалған. Сөйтіп, жұмыстың орындалуы туралы жасанды актінің негізінде тасымалдаушы осы күнге дейін бюджет қаржысын заңсыз пайдалануда",- деп түсіндірді Бас прокуратураның өкілі Сапарбек Нұрпейісов.

С. Нұрпейісовтың түсіндіруінше, білім беру жүйесіндегі мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңның орындалуын тексеру нәтижесі бойынша прокуратура органдары 17 қылмыстық іс қозғап, 8 наразылық және де заң бұзушылықты жою туралы 104 ұсыныс енгізілген. "Біздің ұсынысымызбен 198 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды, олардың 62-сі сыбайлас жемқорлық сипаттағы заң бұзушылықтар жасағаны үшін, бюджет кірісіне 6 млн 700 мың теңге қайтарылған",- деп атап өтті Бас прокуратура өкілі. Сонымен қатар, С. Нұрпейісовтың мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Бас прокуратура қаржы полициясына жіберу үшін және қылмыстық іс қозғау туралы шешім енгізу үшін бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты, соның ішінде Білім министрлігінің басшысына қатысты бірнеше материалдар дайындауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны