17.01.2014, 20:43 3503

Бас прокуратура 2013 жылы мемлекет кірісіне 41 миллиардтан астам теңге өндірді

"Прокурорлардың күш-жігерінің арқасында мемлекет кірісіне 41 миллиардтан астам теңге өндірілді. Құны 5,5 млрд теңгені құрайтын мүлік, соның ішінде құны 173 млрд теңгені құрайтын 188 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Соттар прокурорлардың 28,5 млрд теңге сомасындағы шағымдарын қолдады".

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. Бас прокуратура 2013 жылы мемлекет кірісіне 41 миллиардтан астам теңге өндірді, деп хабарлайды Kazakhstan today.

"Прокурорлардың күш-жігерінің арқасында мемлекет кірісіне 41 миллиардтан астам теңге өндірілді. Құны 5,5 млрд теңгені құрайтын мүлік, соның ішінде құны 173 млрд теңгені құрайтын 188 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Соттар прокурорлардың 28,5 млрд теңге сомасындағы шағымдарын қолдады",- деді ҚР бас прокуроры Асхат Дауылбаев прокуратура органдарының 2013 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша Бас прокуратураның алқа мәжілісінде.

Сондай-ақ, Бас прокуратураның мәліметінше, прокурорлар қабылдаған шаралардың нәтижесінде 7 миллиардтан астам теңге сомасындағы жалақы бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар төленді, осылайша, 130 мың жұмысшының еңбек құқықтары қорғалды. Прокурорлар 13 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарын олардың қызметіне мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғады.

Сонымен қатар 2013 жылы 450 мыңнан астам заңдылықтың бұзылуы анықталып, жойылды. 32 мыңнан астам заңсыз құқықтық актілердің күші жойылды. 735 қылмыстық іс қозғалды.

670 мың азаматтың құқықтары қалпына келтірілді, олардың арасында 155 мың кәмелетке жасы толмағандар, 14,5 мың мүгедектер мен қарттар үйлеріндегі адамдар бар. Азаматардың құқықтарын бұзғандары үшін 11 мыңға жуық лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша барлығы 60 мыңнан астам құқық бұзушылар әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

Мекеменің мәліметінше, прокурорлар пайдалану мерзімі өтіп кеткен 100-ден астам ұшақтың пайдаланылуын тоқтатты.

Прокурорлық тексерістер ұзақ уақыт бойына әрекет етіп келген кен орындарынан мұнай ұрлаудың, Орал-Жайық бассейніндегі браконьерліктің қылмыстық схемаларының жолын кесуге мүмкіндік берді.

Радикалдық діни идеологияны таратудың жолына тосқауыл қою бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізудің нәтижесінде прокурорлардың арыздары негізінде соттардың шешімімен терроризм және экстремизм идеяларын насихаттаушы 596 деструктивті интернет-ресурсқа кіру тоқтатылды.

Бас прокурордың айтуынша, құқық қорғау қызметін жетілдірудің маңызды бағыттары бойынша жемісті заңнамалық жұмыс жылдың басты қорытындыларының бірі болды. Жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерімен жұмыс аяқталды және олар Парламентке енгізілді. Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік бағдарламалары, Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы, Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар басшыларының президенттік резервін қалыптастыру ережесі дайындалды және оларды Президент бекітті. Өзге де өзекті құқықтық актілер бойынша жұмыс жалғасуда.

Қадағалау қызметінің аясында прокурорлардың басты күш-жігері халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігінің, кәсіпкерлердің және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау проблемаларына шоғырландырылды. Сыбайлас жемқорлық және экстремистік көріністеріне қарсы тұру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша Бас прокурор өңірлік прокурорларға қадағалау қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру, ел президентінің жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша жауапты міндеттер қойды. Экстремизм мен терроризмге тосқауыл қою, сыбайлас жемқорлықпен, ұйымдасқан қылмыспен күрес, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері басым бағыттар ретінде анықталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны