25.09.2006, 13:29 2911

Бас прокуратура абақтылардың әкімшіліктері тарапынан тұтқындарға рақымшылық жасау жөніндегі заңды бұзу деректерінің бетін ашты

АСТАНА. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Түзету мекемелері мен қылмыстық тексеру органдарының әкімшіліктері тарапынан "Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнін тойлауға байланысты рақымшылық жариялау туралы" 2006-жылдың 9-қаңтарындағы заңды қолдану барысында бұзу оқиғаларына жол берілген". Бұл туралы еліміздің бас прокуроры Рашид Түсіпбеков алқа мәжілісі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Прокуратура органдары түзету мекемелері басшыларының 49 заңсыз қаулысының, тергеу және тексеру органдарының рақымшылыққа сәйкес қылмыстық істі тоқтатуға байланысты 971 шешімінің күшін жойды",- деді Р.Түсіпбеков.

Бас прокуратура алқасы Иділет министрлігі, ІІМ мен Жоғарғы сотта беті ашылған заң бұзушылықтарды жою туралы таныстыру енгізуге шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны