21.09.2007, 18:40 3075

Бас прокуратура Алматы мен Алматы облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан жер телімдерін заңсыз беру деректерін анықтады

Бас прокуратура Алматы мен Алматы облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан жер телімдерін заңсыз беру деректерін анықтады.

Астана. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" Бас прокуратура Алматы мен Алматы облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан жер телімдерін заңсыз беру деректерін анықтады. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында бас прокурордың орынбасары Асхат Дауылбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Алматы мен Алматы облысының, сондай-ақ Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар ауданының әкімдері өкілеттіліктерін асыра пайдаланып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарынан немесе Алатау ұлттық табиғи паркінен жер телімдерін пайдалану туралы шешімдер шығарған",- деді А. Дауылбаев.

Ол, "жергілікті атқарушы органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан жер телімдерін беру туралы заңсыз актілердің күшін жойып, ол жерлерге салынған құрылыстарды бұзуға толық негіз бар" деп атап өтті. "Бұл нысандардың барлығы да қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы заңды бұза отырып берген шешім негізінде салынған",- деп атап көрсетті А. Дауылбаев.

Оның айтуынша, Азаматтық кодекске сәйкес, мемлекеттік билік органдарының заңға қайшы акті беру нәтижесінде азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген шығындарды жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен қайтаруға тиіс.

"Жылжымайтын мүліктің нарықтағы бағасын ескере отырып, мемлекеттің меншік иесінің шығынын қайтару үшін жұмсайтын сан миллиард теңгелік қаржысы туралы сөз болып отыр бұл жерде",- деп атап өтті ол.

Осыған байланысты аталмыш нысандарды бұзудың мақсатқа сай екендігі туралы шешімді үкімет мемлекеттік бюджеттің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып қабылдау қажет, деп атап өтті А. Дауылбаев.

"Егер оң шешім шықса, прокуратура заңсыз салынған құрылыстарды бұзып, жерді мемлекет меншігіне қайтыру үшін барлық шараларды қабылдауға дайын",- деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны