16.04.2009, 18:10 3082

Бас прокуратура Арыс қаласында оқ-дәрінің жарылу себептеріне қатысты тексеру нәтижелерін ағымдағы жылдың сәуір айының аяғында жария етеді

Бас прокуратура Арыс қаласында оқ-дәрінің жарылу себептеріне қатысты тексеру нәтижелерін ағымдағы жылдың сәуір айының аяғында жария етеді

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратура Арыс қаласында оқ-дәрінің жарылу себептеріне қатысты тексеру нәтижелерін ағымдағы жылдың сәуір айының аяғында жария етеді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекеттік комиссия өз жұмысын аяқтады. Қазір Бас прокуратура тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Прокуратура өкілдері комиссия жұмысының қорытындысына байланысты материалдарды сараптап, қажетті құжаттарды дайындап жатыр. Өйткені біз бірқатар министрліктердің лауазым иелерінің кінәлілік дәрежесін анықтауға тиіспіз. Атап айтсақ, бұлар ҚР Төтенше жағдайлар, Индустрия және сауда, Қорғаныс министрліктері.

"Сонымен бірге, құқық қорғау органдарының басқа да қызметкерлерінің жауапкершілігіне қатысты мәселелер шешіледі. Өйткені, олар лауазымдық міндеттеріне байланысты ұлттық заңнаманың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс болған. Бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ дәл бүгінгі күні нақты шаралар мен әшкереленген заң бұзушылықтар туралы айту ертерек. Біз бұл материалдарды топтастырып, жүйелеп алқа мәжілісінде қарайтын боламыз. Кінәлі азаматтар міндетті түрде жауапқа тартылады. Жұмыстардың қорытындысы ағымдағы жылдың сәуір айының аяғында жария етіледі. Біз сол уақытта оқиғаның не себептен шыққандығын хабарлаймыз", - деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны