22.08.2007, 17:26 2472

Бас прокуратура австриялық билік өкілдеріне Вена сотының Рахат Илиевті экстрадициялауға қатысты шешімімен келіспейтіндіктері туралы хат жолдады

Қазақстанның Бас прокуроры Рашид Түсіпбеков Австрия Республикасының федералдық Иділет министрі Бергер ханымға Вена қаласының жеріндегі сотының Рахат Илиевті экстрадициялаудан бас тарту жөніндегі шешімімен келіспейтіндігін айтып, ресми хат жолдады, деп мәлім етті сәрсенбіде Астанада өткен брифингте Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 - тамыз. АСТАНА. Қазақстанның Бас прокуроры Рашид Түсіпбеков Австрия Республикасының федералдық Иділет министрі Бергер ханымға Вена қаласының жеріндегі сотының Рахат Илиевті экстрадициялаудан бас тарту жөніндегі шешімімен келіспейтіндігін айтып, ресми хат жолдады, деп мәлім етті сәрсенбіде Астанада өткен брифингте Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, " Бас прокурор Илиевті беру туралы істі қарау кезінде Австрия соты процеске қатысушылардың түгелдей болуы және дәлелдемелердің зерттеленуінің нақтылығы, тараптардың теңдігі мен сайыскерлігі, процестің жариялылығы мен ашықтығы, сонымен қатар жасаған қылмыс үшін жазаның бұлттартпастығы сияқты сот өндірісінің негізгі қағидаттарын бұзғанын атап көрсетті.

Сонымен қатар, Нұрпейісовтың мәліметтеріне сүйенсек, "Вена сотының шешімінде Илиевке қатысты қылмыстық істің саяси астары бар деген пайым жасалған. Бұл ретте бұрынғы елші билікке қарсы оппозицияда тұрған және "елді батыстық идеяларға итермелеуге әрекеттенген" адам ретінде аталады",- деп атап өтті ол.

"Австрияның соты Илиевке қатысты істе жәбірленушілердің құқығын бұзатын шешім шығарған. Біз, Илиев пен оның сыбайластарының берген жауаптары жоғалған адамдардың тағдырын айқындауға септігін тигізуі, тіпті олардың өмірін құтқаруы да мүмкін, деп сенеміз",- деп атап көрсетті Бас прокуратураның өкілі.

Оның айтуынша, Қазақстанның Бас прокуратурасы австриялық заңнамаға талдау жүргізіп, істі жаңа сот қарауына жіберу мүмкіндігін беретін бекітілген құқықтық нормаларын анықтады. "Қазіргі уақытта біз басқа да мекемелермен бірлесіп осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз және де сәйкес құжаттар жинағы дайындалуда",- деп хабарлады С. Нұрпейісов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны