26.07.2007, 17:37 2630

Бас прокуратура БАҚ-тарда сайлау заңнамасының сақталуына тәуелсіз бақылау жасауда - Бас прокуратура

АСТАНА. 26 шілде. Kazakhstan Today. Бас прокуратура БАҚ-тарда сайлау заңнамасының сақталуына тәуелсіз бақылау жасауда қандайбір қызығушылықтан ада екендігін атап көрсетуде. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бас прокуратура тарапынан қандайбір мүдделілік немесе қызығушылық жоқ. Прокуратура органдары басқа мемлекеттік органдардан, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз, жоғарғы қадағалау жүргізеді", - деп мәлімдеді С. Нұрпейісов.

"Егер қандайбір заң бұзушылық болса, онда біз әрине, заң шеңберінде шара қолданамыз", -деді ол.

С. Нұрпейісов сайлау заңнамасы нормаларын бұзу оқиғалары үшін Икімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексте тиісті жаза қарастырылғанын еске салды. Дегенмен, ол "прокуратура органдары қазіргі таңда қатаң шара қолдана қоймағанын" атап өтті. "Изірге алдын алу сипатындағы шаралар ғана қолданылуда", - деп мәлімдеді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны