29.03.2013, 14:43 3062

Бас прокуратура бірқатар ІІД басшыларын жазалауды талап етуде

Алматы қалалық прокуратурасы ағымдағы жылы жасырылған 66 қылмысты анықтады. Ал бұл ретте қалалық ішкі істер департаментінің арнайы комиссиясы жасырылған ондай қылмыстың бір де біреуін анықтамаған. Тура сол секілді Атырау облысының прокурорлары тіркеусіз қалған 18 қылмысты ашқан болса, ведомстволық комиссия ешқандай келеңсіздікті байқамаған. Дәл осындай жағдай Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында да қалыптасқан

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Бас прокуратура бірқатар ІІД басшыларын жазалауды талап етуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде Бас прокурордың орынбасары Нұрмұханбет Исаев мәлім етті.

Н. Исаевтің айтуынша, Алматы қалалық прокуратурасы ағымдағы жылы жасырылған 66 қылмысты анықтады. Ал бұл ретте қалалық ішкі істер департаментінің арнайы комиссиясы жасырылған ондай қылмыстың бір де біреуін анықтамаған. Тура сол секілді Атырау облысының прокурорлары тіркеусіз қалған 18 қылмысты ашқан болса, ведомстволық комиссия ешқандай келеңсіздікті байқамаған. Дәл осындай жағдай Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында да қалыптасқан.

"2012 жылы ішкі істер органдарынан қылмысты жасырғаны үшін 13 қызметкер жұмыстан, 14-і лауазымынан босатылды. Бірден айтқым келеді, бұл қызметкерлердің барлығы "төменгі" деңгейде тұрғандар. Солай бола тұра, заңда жазылғанға қарамастан қылмыстарды жасырып қалу фактілерін болдырмауға қатысты шара қабылдамаған аумақтық органдар басшыларының ешқайсысы да жұмыстан босаған жоқ. Егер ІІД басшысы шынымен қалайтын болса, онда бірнеше күннің ішінде-ақ оның аумағындағы қылмыстың бір де біреуі жасырылып қалмайтынына мен нық сенімдімін. Алайда, олар еш шараға қамданып жатқан жоқ. Ендеше, "Құқық қорғау қызметі туралы" заң талаптарына сәйкес, бірқатар ІІД басшыларының жауапкершілігі туралы мәселені қатаң қоятын кез жеткен тәрізді", - дейді Н. Исаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны