17.10.2007, 17:33 2770

Бас прокуратура ел азаматтарына сапалы тауар сатып алу жөнінде ұсыныс әзірлеуде

Бас прокуратура ел азаматтарына сапалы тауар сатып алу жөнінде ұсыныс әзірлеуде.

Астана. 17-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратура ел азаматтарына сапалы тауар сатып алу жөнінде ұсыныс әзірлеуде. Бұл туралы бүгін брифинг барысында бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

С. Нұрпейісов, республиканың прокуратура органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен бірлесіп жүргізген тексеру нәтижесінің мәліметтері бойынша "құқықтық талдау жасау және бізге қатысы жоқ басқа да нормаларды зерделеу арқылы біз азаматтарға тауар сатып алу барысында еске сақтайтын ұсыныстар дайындаймыз" деп атап өтті. "Ол - нұсқама, нақты кәсіпорындар мен тауарлардың нақты атаулары",- деп нақтылап өтті ол.
Оның айтуынша, бұл "азаматтардың бізбен бірігіп "шаруашылық тауарлары мен азық-түліктің сапасы үшін" күресуге" бағытталған шара.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны