15.09.2009, 16:47 2893

Бас прокуратура халық көп жиналатын барлық жерлерде өрт қауіпсіздігінің сақталуына тексерулер ұйымдастырады

Бұл ретте балалар бақшаларына, балалар үйлеріне, ауруханаларға, сәбилер, мүгедектер және қарттар үйлеріне, орта және жоғары оқу орындарына және басқа да әлеуметтік сала нысандарына ерекше назар аударылатын болады.

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бас прокуратура халық көп жиналатын барлық жерлерде өрт қауіпсіздігінің сақталуына тексерулер ұйымдастырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облыстық наркологиялық диспансері ғимаратында болған өрт фактісі бойынша Талдықорған қаласының прокуратурасы адамдар өліміне әкеліп соқтырған өрт қауіпсіздігінің бұзылғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 256- бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық істің тергелу барысы Бас прокуратураның бақылауына алынды.

Атырауда тұрғызылып жатқан көпірдің құлап түсуі фактісі бойынша қылмыстық істің тергелуі мен Алматыдағы газ баллондарының жарылу дерегі бойынша алдын ала тексеру де прокуратура органдарының қадағалауымен жүзеге асырылуда.

Бас прокуратура ірі адам құрбандықтарына және материалдық залалдарға әкеліп соқтыратын өрттерді барынша азайту мақсатында халық көп жиналатын барлық жерлерде өрт қауіпсіздігінің сақталуына тексерулер ұйымдастырады.

Бұл ретте балалар бақшаларына, балалар үйлеріне, ауруханаларға, сәбилер, мүгедектер және қарттар үйлеріне, орта және жоғары оқу орындарына және басқа да әлеуметтік сала нысандарына ерекше назар аударылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны